https://sputnik.kz/20250412/qazaqstan-golan-zhotalaryndagy-bitimgerlik-kontingentinin-zhosparly-rotatsiyasyn-zhurgizdi-52421030.html
Қазақстан Голан жоталарындағы бітімгерлік контингентінің жоспарлы ротациясын жүргізді
Қазақстан Голан жоталарындағы бітімгерлік контингентінің жоспарлы ротациясын жүргізді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 12 сәуір – Sputnik. БҰҰ миссиясының жауапкершілік аймағында орналасқан Фауар базасында Қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев... 12.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-12T12:41+0500
2025-04-12T12:41+0500
2025-04-12T12:42+0500
әскери қызметкер
https://sputnik.kz/img/07e9/04/0c/52420335_0:62:1062:659_1920x0_80_0_0_a001a2d3972adf2ece00499b9bb991e1.jpg
АСТАНА, 12 сәуір – Sputnik. БҰҰ миссиясының жауапкершілік аймағында орналасқан Фауар базасында Қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев қазақстандық бітімгершілік контингенттерді ротациялау рәсімін өткізді."БҰҰ бөлінуді бақылау жөніндегі күштері" миссиясы қолбасшысының бітімгершілік резервінің бірінші және екінші құрамдарының командирлері подполковниктер Жігер Аипов пен Жәнібек Нұрланов Қорғаныс министрлігі қолбасшылығының өкіліне әскери контингенттердің ауысуы туралы баяндады. Миссияны аяқтаған Қарулы күштер әскерилерінің алғашқы құрамы елге оралғалы жатса, олардың орнын екінші құрамдағы әскери қызметшілер басты.Қазіргі таңда контингенттің жеке құрамы орналасып, қызметке кірісуге дайындық жүргізуде. Рота штабы қызметті қабылдау және "БҰҰ-ның бөлінген аумақты бақылау күштері" миссиясы аясындағы міндеттерді нақтылауға бағытталған жұмыстармен айналысуда.Контингент командирі подполковник Жәнібек Нұрлановтың айтуынша, алдымен жеке құраммен теориялық сабақтар өтеді, кейін практикалық дайындық басталады.Еске сала кетейік, Қазақстанның алғашқы ұлттық бітімгерлік контингенті 2024 жылдың наурызында БҰҰ миссиясы аясында Голан жоталарына жіберілген болатын. Әскери қызметшілер мобильді патрульдеу, бақылау бекеттерін күшейту, эвакуация және минасыздандыру жұмыстарын орындады. Олар миссия қолбасшылығы мен БҰҰ басшылығынан жоғары баға алды.Осылайша, Қазақстан БҰҰ-ның бітімгерлік қызметіне қатыса отырып, халықаралық бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету ісіне маңызды үлес қосып келеді.
https://sputnik.kz/20250410/qazaqstan-bitimgerlerinin-ekinshi-quramy-golan-zhotalaryna-attandy-52365865.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/04/0c/52420335_52:0:1012:720_1920x0_80_0_0_6103347f48d12e709614698cb546b824.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әскери қызметкер
АСТАНА, 12 сәуір – Sputnik. БҰҰ миссиясының жауапкершілік аймағында орналасқан Фауар базасында Қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев қазақстандық бітімгершілік контингенттерді ротациялау рәсімін өткізді.
"БҰҰ бөлінуді бақылау жөніндегі күштері" миссиясы қолбасшысының бітімгершілік резервінің бірінші және екінші құрамдарының командирлері подполковниктер Жігер Аипов пен Жәнібек Нұрланов Қорғаныс министрлігі қолбасшылығының өкіліне әскери контингенттердің ауысуы туралы баяндады. Миссияны аяқтаған Қарулы күштер әскерилерінің алғашқы құрамы елге оралғалы жатса, олардың орнын екінші құрамдағы әскери қызметшілер басты.
Қазіргі таңда контингенттің жеке құрамы орналасып, қызметке кірісуге дайындық жүргізуде. Рота штабы қызметті қабылдау және "БҰҰ-ның бөлінген аумақты бақылау күштері" миссиясы аясындағы міндеттерді нақтылауға бағытталған жұмыстармен айналысуда.
Контингент командирі подполковник Жәнібек Нұрлановтың айтуынша, алдымен жеке құраммен теориялық сабақтар өтеді, кейін практикалық дайындық басталады.
"Миссияға дайындық кезінде алынған кәсіби дағдылар біздің әскери қызметшілерге қойылған міндеттерді сапалы орындауға мүмкіндік береді", – деді ол.
Еске сала кетейік, Қазақстанның алғашқы ұлттық бітімгерлік контингенті 2024 жылдың наурызында БҰҰ миссиясы аясында Голан жоталарына жіберілген болатын. Әскери қызметшілер мобильді патрульдеу, бақылау бекеттерін күшейту, эвакуация және минасыздандыру жұмыстарын орындады. Олар миссия қолбасшылығы мен БҰҰ басшылығынан жоғары баға алды.
Осылайша, Қазақстан БҰҰ-ның бітімгерлік қызметіне қатыса отырып, халықаралық бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету ісіне маңызды үлес қосып келеді.