Бейнеудегі оқушылардың неден уланғаны белгілі болды

© Sputnik / Абзал КалиевКапельница
Капельница - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.04.2025
Жазылу
Тоғыз жуынды үлгісінен ішек таяқшасының бактериялары табылған
АСТАНА, 12 сәуір – Sputnik. Маңғыстау облысының Бейнеу ауылында оқушылардың жаппай улануынан кейін жүргізілген тексеріс нәтижесі жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Мұхтар Сербаевтың мәліметінше, орта мектептегі тағам блогына жүргізілген зерттеу барысында 10 қызметкердің бірінен стафилококк бактериясы табылған. Сондай-ақ екі қызметкер міндетті медициналық тексеруден өтпеген.
"Лабораториялық тексерулер дайын тағамдардың 6 үлгісінен зиянды бактериялар бар екенін көрсетті. Тексеру кезінде қоймаларды мақсатсыз пайдалану фактілері тіркелген. Мәселен, көкөністерге арналған қоймада астық дақылдары сақталған", — деді Сербаев.
Сондай-ақ тоғыз жуынды үлгісінен ішек таяқшасының бактериялары табылған.
Мамандардың айтуынша, асханада уақытылы ылғалды тазалау жүргізілмеген, қабырғаларда жарықтар болған. Мұның бәрі санитарлық талаптарға сай келмейді.
"Барлық материалдар полицияға жолданды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастау туралы шешім қабылданады. Қазір асхана жабық, балалардың барлығы сабақта",— деді Мұхтар Сербаев.
Еске салайық, 3 сәуір күні Бейнеу ауылындағы жалпы білім беретін мектептің оқушылары улану белгілерімен ауруханаға түскен еді. Олар –2, 3 және 5-сынып оқушылары.
Осыдан кейін мектеп асханасынан сынамалар алынып, тексеріс басталған болатын.
Тамақ, салат - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.04.2025
Маңғыстау облысында 11 оқушы уланып қалды
Жаңалықтар
0