https://sputnik.kz/20250411/toqaev-tazalyqqa-ules-qosqan-atyraulyq-3-zhasar-balany-marapattady-52388971.html
Тоқаев тазалыққа үлес қосқан 3 жасар баланы марапаттады
Тоқаев тазалыққа үлес қосқан 3 жасар баланы марапаттады
Sputnik Қазақстан
Үш жасар баланың қаладағы Ораза айт тойланған орынды жинастырып жүрген видеосы желіде тараған еді 11.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-11T08:42+0500
2025-04-11T08:42+0500
2025-04-11T09:03+0500
тазалық
қасым-жомарт тоқаев
атырау
https://sputnik.kz/img/07e9/04/0b/52386869_0:0:1081:608_1920x0_80_0_0_cdb149367071ffdf4f4773a089c4d38c.jpg
АСТАНА, 11 сәуір – Sputnik. Атыраулық үш жасар Дінмұхаммед Жұмажан мемлекет басшысының алғысына ие болды, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.Облыс әкімі Серік Шәпкенов бүлдіршінмен және оның ата-анасымен жүздесті.Үш жасар баланың қаладағы Ораза айт тойланған орынды жинастырып жүрген видеосы желіде тараған еді. Бұл әрекеті арқылы ол көпшіліктің ықыласына бөленді.Серік Шәпкенов Дінмұхаммедтің тәрбиесі мен қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігіне риза болып, алғысын білдірді. Ол сондай-ақ президент әкімшілігінің жетекшісі Айбек Дәдебайдың мемлекет басшысы атынан жолданған хатын табыстады.Дінмұхаммедтің әкесі Ержан Хайрошевтің айтуынша, тұрғындардың бірі ұлын видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген."Біз өзіміздің ықшам ауданда Ораза айт мейрамын кең көлемде тойладық. Ұлымыздың әрекеті бүкіл елдің ықыласына бөленеді деп ойламадық. Оның тілі кеш шықты, сосын балабақшаға бердік. Сол жақтан үйренгені де бар шығар. Өз отбасымызда да тазалыққа мән береміз, сенбіліктерден қалмаймыз. Мен өз ұлымның елдің патриоты боп ер жеткенін қалаймын", - дейді бүлдіршіннің әкесі Хайрошев.Кейін облыс әкімі Дінмұхаммедке ескерткіш сыйлықтар тапсырып, ата-анасына алғыс айтты.
https://sputnik.kz/20250307/toqaev-auezhayda-kepilge-alyngan-ayeldi-qutqargan-almaty-turgynyn-marapattady-51441176.html
атырау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/04/0b/52386869_49:0:1009:720_1920x0_80_0_0_729ad18c3e0d49f88a16811e0838837d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тазалық, қасым-жомарт тоқаев, атырау
тазалық, қасым-жомарт тоқаев, атырау
Тоқаев тазалыққа үлес қосқан 3 жасар баланы марапаттады
08:42 11.04.2025 (жаңартылды: 09:03 11.04.2025) Үш жасар баланың қаладағы Ораза айт тойланған орынды жинастырып жүрген видеосы желіде тараған еді
АСТАНА, 11 сәуір – Sputnik. Атыраулық үш жасар Дінмұхаммед Жұмажан мемлекет басшысының алғысына ие болды, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Облыс әкімі Серік Шәпкенов бүлдіршінмен және оның ата-анасымен жүздесті.
Үш жасар баланың қаладағы Ораза айт тойланған орынды жинастырып жүрген видеосы желіде тараған еді. Бұл әрекеті арқылы ол көпшіліктің ықыласына бөленді.
Серік Шәпкенов Дінмұхаммедтің тәрбиесі мен қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігіне риза болып, алғысын білдірді. Ол сондай-ақ президент әкімшілігінің жетекшісі Айбек Дәдебайдың мемлекет басшысы атынан жолданған хатын табыстады.
"Кейде көп сөздің орнына бір ғана істің өзі жетіп жатады. Дінмұхаммед кішкентай ғана ойын баласы болса да, оның әрекеті көпке ой салды. Ол мұны бөгде біреуден көріп емес, өзінің отбасында тазалық пен тәртіптің мәнін түсініп өсіп келе жатқандықтан жасады. Бұл — тек тәрбиенің емес, нағыз отансүйгіштіктің үлгісі. Өз Отанына шын берілгендіктің белгісі. Кішкентай Дінмұхаммедтің жасағаны — тазалықты әркім өзінен бастауы керек деген үндеу", - деді Шәпкенов.
Дінмұхаммедтің әкесі Ержан Хайрошевтің айтуынша, тұрғындардың бірі ұлын видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген.
"Біз өзіміздің ықшам ауданда Ораза айт мейрамын кең көлемде тойладық. Ұлымыздың әрекеті бүкіл елдің ықыласына бөленеді деп ойламадық. Оның тілі кеш шықты, сосын балабақшаға бердік. Сол жақтан үйренгені де бар шығар. Өз отбасымызда да тазалыққа мән береміз, сенбіліктерден қалмаймыз. Мен өз ұлымның елдің патриоты боп ер жеткенін қалаймын", - дейді бүлдіршіннің әкесі Хайрошев.
Кейін облыс әкімі Дінмұхаммедке ескерткіш сыйлықтар тапсырып, ата-анасына алғыс айтты.