Великая Отечественная война 1941-1945. Сталинградская битва - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.01.2025
Жеңістің 80 жылдығы
2025 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл толады. Осыған байланысты ТМД елдерінде 2025 жыл "Жеңістің 80 жылдығы және нацизмге қарсы күрестегі бірлік жылы" деп жарияланды.

Қарағандыда соғыс ардагері 100 жасқа толды

© Photo : Пресс-служба Минобороны КазахстанаВ Караганде отметили 100-летний юбилей ветерана Великой Отечественной войны Григория Степенко
В Караганде отметили 100-летний юбилей ветерана Великой  Отечественной войны Григория Степенко - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.04.2025
Жазылу
Әскерилер Ұлы Отан соғысы ардагерінің 100 жылдық мерейтойымен құттықтады
АСТАНА, 11 сәуір – Sputnik. Теміржолшылардың мәдениет сарайында майдангер Григорий Степенконың ғасырлық мерейтойына арналған салтанатты іс-шара өтті.
© Photo : Пресс-служба Минобороны КазахстанаВ Караганде отметили 100-летний юбилей ветерана Великой Отечественной войны Григория Степенко
В Караганде отметили 100-летний юбилей ветерана Великой  Отечественной войны Григория Степенко - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.04.2025
В Караганде отметили 100-летний юбилей ветерана Великой Отечественной войны Григория Степенко
Мерейтой иесін Қарағанды облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің әскери қызметшілері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, ауған жауынгерлері, сондай-ақ қала мектептері мен колледждерінің оқушылары құттықтады. Іс-шара аясында мерекелік концерт өтті.
Майдангер жас ұрпаққа аманатын айтты.
© Photo : Пресс-служба Минобороны КазахстанаВ Караганде отметили 100-летний юбилей ветерана Великой Отечественной войны Григория Степенко
В Караганде отметили 100-летний юбилей ветерана Великой  Отечественной войны Григория Степенко - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.04.2025
В Караганде отметили 100-летний юбилей ветерана Великой Отечественной войны Григория Степенко

"Қашанда өздеріңе және ел қорғауда мықты болыңдар. Бейбітшілік үшін құрбан болғандарды, өткен тарихты ұмытпай, құрмет көрсетіп, абыроймен өмір сүріңдер. Бұл жеңіс бізге қандай күреспен келгенін білеміз және жадымызда сақтаймыз", - деді ол.

© Photo : Пресс-служба Минобороны КазахстанаВ Караганде отметили 100-летний юбилей ветерана Великой Отечественной войны Григория Степенко
В Караганде отметили 100-летний юбилей ветерана Великой  Отечественной войны Григория Степенко - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.04.2025
В Караганде отметили 100-летний юбилей ветерана Великой Отечественной войны Григория Степенко
Григорий Степенко 1925 жылы 10 сәуірде Воронеж облысының Нижний Ровинка ауылында дүниеге келген. 1943 жылы Павлодар облысының Лозов аудандық әскери комиссариатынан қызыл әскер қатарына алынды. 2-ші Украина майданында пулеметші ретінде алғаш майданға аттанды. Ол Курск-Орловск доғасындағы шайқастарға, Белгород, Орел, Харьков, Курск, Кенигсберг және Варшаваны азат етуге, Днепрдегі соғысқа да қатысқан.
Содан кейін Байкал әскери округы 39-армиясы 19-шы гвардиялық атқыштар дивизиясы 56-шы гвардиялық атқыштар полкінің құрамында Қиыр шығыстағы Жапон әскерлерін талқандауға қатысқан.
Көрсеткен ерлігі үшін II дәрежелі Отан соғысы, II дәрежелі Даңқ ордендерімен, "Ерлігі үшін", "Жауынгерлік еңбегі үшін", "Германияны жеңгені үшін", "Варшаваны азат еткені үшін", "Кенигсбергті алғаны үшін" медальдарымен марапатталған.
Майдангер 1951 жылы жолдама арқылы Қарағандыға барып, "Шахтострой" басқармасының цемент зауытында жұмыс істеді, кейін теміржол көлігімен жүк тасымалдау бас бақылаушысы болды. Ол 1980 жылы зейнетке шықты.
Ресейдің Бас консулы бүгін 101 жасқа толған алматылық соғыс ардагерін құттықтады - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.03.2025
Жеңістің 80 жылдығы
Ресейдің Бас консулы 101 жасқа толған алматылық соғыс ардагерін құттықтады
Жаңалықтар
0