https://sputnik.kz/20250411/ortalyq-aziya--resey-formatyndagy-syrtqy-ister-ministrlerinin-kezdesui-otti-52416528.html
"Орталық Азия – Ресей" форматындағы сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтті
"Орталық Азия – Ресей" форматындағы сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтті
Sputnik Қазақстан
2025-2027 жылдарға арналған Бірлескен іс-қимылдар жоспары жобасын дайындау бойынша бірлескен жұмыс аяқталды 11.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-11T19:50+0500
2025-04-11T19:50+0500
2025-04-11T19:50+0500
ресей
қазақстан
https://sputnik.kz/img/07e9/04/0b/52415144_0:56:1281:776_1920x0_80_0_0_95aa0e51527150d8c945530b66b2fbe4.jpg
АСТАНА, 11 сәуір – Sputnik. Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Алматы қаласында өткен "Орталық Азия – Ресей" форматындағы сыртқы істер министрлерінің кезекті кездесуіне қатысты, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.Нұртілеу өңір елдері соңғы жылдары мемлекетаралық өзара байланыстардың барлық спектрі бойынша қол жеткізген маңызды нәтижелерді атап өтті. Бұған Орталық Азия елдері мен Ресей арасындағы өзара сауда көлемінің тұрақты өсімі дәлел. Атап айтқанда, 2024 жылы өңірішілік тауар айналымы 44,7 млрд АҚШ долларын құрап, 2023 жылғы көрсеткіштен 11,3%-ға жоғары болды.Сонымен қатар ол бар әлеуетті ашу, ынтымақтастық серпінін сақтау, жаңа "өсу жолдарын" іздеу, сондай-ақ өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған күш-жігерді одан әрі шоғырландырудың маңыздылығын атап өтті."Сенімге, өзара құрметке және ортақ тарихи жақындыққа негізделген серіктестік байланыстардың беріктігін сақтау қажет", – деді М.Нұртілеу.Іс-шара қорытындысы бойынша 2025-2027 жылдарға арналған Бірлескен іс-қимылдар жоспары жобасын дайындау бойынша бірлескен жұмыстың аяқталғаны жарияланды. Аталған құжатты "ОА-РФ" екінші саммиті барысында мемлекет басшыларының қарауына енгізу жоспарлануда.Тараптар "Орталық Азия+" форматындағы өңіраралық ынтымақтастықтың орнықты платформасы ретінде Орталық Азия елдері мен Ресей арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға бейілділігін растады және сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-логистикалық ынтымақтастықтың стратегиялық маңызды бағыттарына күш-жігерді жұмылдыруға дайындықтарын білдірді.
ресей
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/04/0b/52415144_86:0:1194:831_1920x0_80_0_0_df88516e89526e7256647f4e4723b290.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей, қазақстан
"Орталық Азия – Ресей" форматындағы сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтті
2025-2027 жылдарға арналған Бірлескен іс-қимылдар жоспары жобасын дайындау бойынша бірлескен жұмыс аяқталды
АСТАНА, 11 сәуір – Sputnik. Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Алматы қаласында өткен "Орталық Азия – Ресей" форматындағы сыртқы істер министрлерінің кезекті кездесуіне қатысты, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.
Нұртілеу өңір елдері соңғы жылдары мемлекетаралық өзара байланыстардың барлық спектрі бойынша қол жеткізген маңызды нәтижелерді атап өтті. Бұған Орталық Азия елдері мен Ресей арасындағы өзара сауда көлемінің тұрақты өсімі дәлел. Атап айтқанда, 2024 жылы өңірішілік тауар айналымы 44,7 млрд АҚШ долларын құрап, 2023 жылғы көрсеткіштен 11,3%-ға жоғары болды.
"СІМ басшысы табысты ынтымақтастықтың айқын мысалдары ретінде Ресей газының Қазақстан аумағы арқылы Орталық Азия елдеріне транзиті, энергетика нысандарын салу және жаңғырту, халықаралық көлік дәліздерін дамыту, сондай-ақ автожолдар мен теміржол желілерін қайта жаңарту және кеңейту жобаларын атап өтті", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар ол бар әлеуетті ашу, ынтымақтастық серпінін сақтау, жаңа "өсу жолдарын" іздеу, сондай-ақ өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған күш-жігерді одан әрі шоғырландырудың маңыздылығын атап өтті.
"Сенімге, өзара құрметке және ортақ тарихи жақындыққа негізделген серіктестік байланыстардың беріктігін сақтау қажет", – деді М.Нұртілеу.
Іс-шара қорытындысы бойынша 2025-2027 жылдарға арналған Бірлескен іс-қимылдар жоспары жобасын дайындау бойынша бірлескен жұмыстың аяқталғаны жарияланды. Аталған құжатты "ОА-РФ" екінші саммиті барысында мемлекет басшыларының қарауына енгізу жоспарлануда.
Тараптар "Орталық Азия+" форматындағы өңіраралық ынтымақтастықтың орнықты платформасы ретінде Орталық Азия елдері мен Ресей арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға бейілділігін растады және сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-логистикалық ынтымақтастықтың стратегиялық маңызды бағыттарына күш-жігерді жұмылдыруға дайындықтарын білдірді.