Еңбек министрлігі жазалаушы орган емес – Светлана Жақыпова
© Photo : Пресс-служба правительства КазахстанаСветлана Жақыпова

© Photo : Пресс-служба правительства Казахстана
Жазылу
Мнистрлік өндірістегі нақты жағдайды көру үшін тексерулер туралы алдын ала ескертуден бас тартады
АСТАНА, 11 сәуір – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова "Қауіпсіздік аумағы" өндірістік қауіпсіздік және еңбекті қорғау форумында ведомствоның жазалаушы орган емес екенін, оның рөлі жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің арасында көпір болу екенін атап өтті.
"Бұл көпір өзара құрметке, жауапкершілікке және сенімге негізделген нық және берік болуға тиіс. Иә, бизнес те өркендеп, өсуі маңызды, бірақ қасымызда адамдар опат болып жатса, ондай өсу мүмкін емес деп ойлаймын. Кез келген жағдайда адамның өмірі мен денсаулығы әрқашан басымдыққа ие болады", – деді ведомство басшысы.
Оның айтуынша министрлік ресми бақылаудан тәуекелдерді ақылға сыйымды түрде басқаруға, жоспарлар мен есептерден адамдарды нақты қорғауға көшу арқылы өз қызметінің қисынын өзгертеді.
"Ол үшін біз нақты шараларды енгізіп жатырмыз. Мемлекеттік еңбек инспекторлары қауіпті жұмыстарды дереу, сотқа жүгінбей тоқтата тұру құқығына ие болады", - деді Жақыпова.
Ведомство нақты ұйғарымдармен цифрлық деректер негізінде қашықтықтан профилактикалық бақылауды енгізбек.
"Нақты жағдайды көру үшін тексерулер туралы алдын ала ескертулерден бас тартамыз. Біз инспектордың өкілеттіктерін одан әрі кеңейтеміз, енді ол кез келген шағымға, тіпті тексеру парағының тізімінен тыс түрде ден қоя алатын болады. Сондай-ақ зиянды өндірістердегі еңбек нормаларын күшейтетін боламыз, жұмысшылардың қысқаруы секілді үрдіс қауіпті жұмыс көлемі төмендеген жағдайда ғана мүмкін болады", – деді өз сөзінде министр.
Геолокациямен, фотофиксациямен бірге жүйеге деректерді автоматты түрде жүктеу арқылы жұмыс орындарын аттестаттау түгелімен цифрландыруға көшіріледі.
Министр Оңтүстік Кореяда, Германияда, Финляндияда және басқа елдерде цифрлық шешімдерді, жасанды интеллект пен автоматтандыруды қолдану кәсіпорындарда жаңа қауіпсіздік мәдениетін құруға оң ықпал ететінін айтты.
"Қазақстан да осы жолмен жүруге талпынуда. Біз қазірдің өзінде еңбек инспекторларына арналған мобильді қосымшаларды сынақтан өткізіп, тәуекелдерді талдаудың нейрондық желілік алгоритмдерін зерттеп жатырмыз, қауіпті аймақтардың онлайн-мониторингін енгізудеміз", – деп түйіндеді Светлана Жақыпова.