Блогер Темірлан Еңсебекке қатысты сот үкімі шықты

© AP Photo / Jean-Francois BadiasСудебный молоток, архивное фото
Судебный молоток, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.04.2025
Жазылу
Еңсебек кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығы шектелді
АЛМАТЫ, 11 сәуір – Sputnik. Әлеуметтік желідегі Qaznews24 паблигінің авторы блогер Темірлан Еңсебекке қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Сот Qaznews24 паблигінің авторы Темірлан Еңсебекті араздықты қоздырғаны үшін кінәлі деп тапты.
Еңсебекке пробациялық бақылау белгіленіп, жұмыс болмаған жағдайда жыл сайын 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тартыла отырып, 5 жылға бас бостандығы шектелді.
Сондай-ақ оған қоғамдық-саяси қызметпен айналысуға тыйым салынды.
Істі Алматы қаласы Наурызбай аудандық сотының судьясы Бейнегүл Қайсина қарады.
Еске сала кетейік, Темірлан Еркебекке Қылмыстық кодекстің 174-бабының 1-бөлігі бойынша "әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни алауыздықты қоздыру" бойынша іс қозғалған болатын.
Ол орыс тіліне тіл тигізетін "Йоу, орыстар" әнін жариялағаннан кейін қамауға алынды.
Қамауға алуға Алматының тергеу соты санкция берген болатын.
Еңсебектің адвокаты Жанар Балғабаева блогердің әрекетін құқық бұзушылық деп санамайтынын айтты, өйткені бұл әнді Еңсебек шығармаған, яғни оның сөзі емес.
Жаңалықтар
0