Баласын мектепке алып келген әйел шұғыл құтқарушыларды шақыруға мәжбүр болды

© Photo : Министерство просвещения РКБаласын мектепке алып келген әйел шұғыл құтқарушыларды шақыруға мәжбүр болды
Баласын мектепке алып келген әйел шұғыл құтқарушыларды шақыруға мәжбүр болды   - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.04.2025
Жазылу
Көлік ішінде кішкентай баласы болған
АСТАНА, 11 сәуір – Sputnik. Қызылорда қаласында үлкен ұлын мектепке алып келген әйел шұғыл құтқарушыларды шақыруға мәжбүр болды. Көлік ішінде оның екінші баласы құлыпталып қалған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Оқиға орнына жедел-құтқару жасағының қызметкерлері барды. Олар арнайы құралдардың көмегімен есікті зақымдамай ашты. Бала зардап шеккен жоқ.

"Белгілі болғандай, анасы үлкен ұлын мектепке автокөлігімен алып келген. Көліктен түсіп, баласын шығарып салған ол, машинаның кілтін көлік ішінде қалдырып кетеді. Есікті аша алмаған соң әйел жедел құтқару жасағының көмегіне жүгінген", - дейді құтқарушылар.

Төтенше жағдайлар депаратменті тұрғындарға балаларды қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді.
Жаңалықтар
0