https://sputnik.kz/20250410/ush-auezhaydyn-qurylysy-bastaldy--kolik-ministri-52360937.html
Үш әуежайдың құрылысы басталды – көлік министрі
Үш әуежайдың құрылысы басталды – көлік министрі
Sputnik Қазақстан
Биыл ведомство Еуропа, Азия және Таяу Шығыс елдеріне 19 жаңа әуе бағытын ашуды жоспарлап отыр 10.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-10T15:51+0500
2025-04-10T15:51+0500
2025-04-10T15:51+0500
әуежай
көлік
https://sputnik.kz/img/298/08/2980870_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_4042f4f4543d2794bec8307147d3ddca.jpg
АСТАНА, 10 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көлік министрі Марат Қарабаевты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.Қасым-Жомарт Тоқаевқа министрліктің өткен жылы атқарған жұмысының қорытындысы бойынша есеп беріліп, алдағы кезеңге арналған жоспары таныстырылды.Марат Қарабаевтың айтуынша, былтыр көліктің барлық түрі бойынша тасымал көлемі 6 пайызға өскен. Транскаспий халықаралық көлік дәлізі арқылы жүк тасымалдау 62 пайызға ұлғайып, 4,5 миллион тоннаны құрады.Министрдің мәліметінше, отандық әуе компаниялары 14,7 миллион жолаушыны тасымалдаған. Бұл сектордағы көрсеткіш 10 пайызға ұлғайған. Әуежайларда 29,7 миллион адамға қызмет көрсетілген, яғни 14 пайызға артқан. Теміржол көлігімен 21 миллион жолаушы тасымалданып, өсім 3,9 пайызды құраған.Қасым-Жомарт Тоқаевқа биыл ведомствоның Еуропа, Азия және Таяу Шығыс елдеріне 19 жаңа әуе бағытын ашуды жоспарлап отырғаны жөнінде баяндалды. Катонқарағай, Зайсан және Кендірлі әуежайларының құрылысы басталды. Сонымен қатар 125 теміржол бекетін жаңғырту жұмыстары қолға алынады. Достық – Мойынты, Алматы айналма теміржолы, Дарбаза – Мақтаарал, Аягөз – Бақты және Қызылжар – Мойынты секілді 5 ірі теміржол жобасы жүзеге асырылып жатыр.Кездесу соңында президент қазақстандықтардың жол жүруіне анағұрлым қолайлы жағдай жасау, туристік нысандарға қолжетімділікті қамтамасыз ету қажет екенін атап өтті.Мемлекет басшысы Орталық – Батыс автожолының құрылысын жеделдету, Батыс Еуропа – Батыс Қытай дәлізін кеңейту, Транскаспий халықаралық көлік дәлізін дамыту, ішкі және халықаралық әуе рейстерінің санын көбейту, көлік секторына инвестиция тарту жұмысын күшейту жөнінде тапсырма берді.Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-логистика саласын өркендетудің, сондай-ақ көлік инфрақұрылымын жаңғырту жобаларын сапалы әрі уақтылы жүзеге асырудың маңызына ерекше назар аударды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/298/08/2980870_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_5d2deb86c3c2cbcb69088400de694136.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әуежай, көлік
Үш әуежайдың құрылысы басталды – көлік министрі
Биыл ведомство Еуропа, Азия және Таяу Шығыс елдеріне 19 жаңа әуе бағытын ашуды жоспарлап отыр
АСТАНА, 10 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көлік министрі Марат Қарабаевты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа министрліктің өткен жылы атқарған жұмысының қорытындысы бойынша есеп беріліп, алдағы кезеңге арналған жоспары таныстырылды.
Марат Қарабаевтың айтуынша, былтыр көліктің барлық түрі бойынша тасымал көлемі 6 пайызға өскен. Транскаспий халықаралық көлік дәлізі арқылы жүк тасымалдау 62 пайызға ұлғайып, 4,5 миллион тоннаны құрады.
"Алматы, Қызылорда және Шымкент қалаларының әуежайларында 3 жаңа жолаушылар терминалы салынды. 12 мың шақырым жол жөнделді. Қарағанды – Алматы, Талдықорған – Өскемен, Ақтөбе – Қандыағаш және Атырау – Астрахань тас жолдарындағы жаңғырту жұмыстары аяқталды", - деп жазылған хабарламада.
Министрдің мәліметінше, отандық әуе компаниялары 14,7 миллион жолаушыны тасымалдаған. Бұл сектордағы көрсеткіш 10 пайызға ұлғайған. Әуежайларда 29,7 миллион адамға қызмет көрсетілген, яғни 14 пайызға артқан. Теміржол көлігімен 21 миллион жолаушы тасымалданып, өсім 3,9 пайызды құраған.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа биыл ведомствоның Еуропа, Азия және Таяу Шығыс елдеріне 19 жаңа әуе бағытын ашуды жоспарлап отырғаны жөнінде баяндалды. Катонқарағай, Зайсан және Кендірлі әуежайларының құрылысы басталды. Сонымен қатар 125 теміржол бекетін жаңғырту жұмыстары қолға алынады. Достық – Мойынты, Алматы айналма теміржолы, Дарбаза – Мақтаарал, Аягөз – Бақты және Қызылжар – Мойынты секілді 5 ірі теміржол жобасы жүзеге асырылып жатыр.
Кездесу соңында президент қазақстандықтардың жол жүруіне анағұрлым қолайлы жағдай жасау, туристік нысандарға қолжетімділікті қамтамасыз ету қажет екенін атап өтті.
Мемлекет басшысы Орталық – Батыс автожолының құрылысын жеделдету, Батыс Еуропа – Батыс Қытай дәлізін кеңейту, Транскаспий халықаралық көлік дәлізін дамыту, ішкі және халықаралық әуе рейстерінің санын көбейту, көлік секторына инвестиция тарту жұмысын күшейту жөнінде тапсырма берді.
Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-логистика саласын өркендетудің, сондай-ақ көлік инфрақұрылымын жаңғырту жобаларын сапалы әрі уақтылы жүзеге асырудың маңызына ерекше назар аударды.