https://sputnik.kz/20250410/qaldyqtardy-ekoutilizatsiyalau-zauytynyn-qurylysy-bektenov-eki-apta-merzim-berdi-52357502.html
Қалдықтарды экоутилизациялау зауытының құрылысы: Бектенов екі апта мерзім берді
Қалдықтарды экоутилизациялау зауытының құрылысы: Бектенов екі апта мерзім берді
Sputnik Қазақстан
Жоба аясында 500 жұмыс орны, оның ішінде – 100 тұрақты жұмыс орны ашылады 10.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-10T13:47+0500
2025-04-10T13:47+0500
2025-04-10T13:48+0500
үкімет
зауыт
алматы
https://sputnik.kz/img/07e9/04/0a/52357035_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_9053e3b4d26b5cbb40d87a2264609a16.jpg
АСТАНА, 10 сәуір - Sputnik. Олжас Бектенов Алматыда қалдықтарды экоутилизациялау зауытын салу үшін инвестициялар туралы келісімді екі апта мерзімінде дайындауды тапсырды, деп хабарлады үкімет.Премьер-министр Shanghai SUS Environment Co., Ltd. компаниялар тобының президенті – басқарма төрағасы Лун Цзишэн кездесіп, аталған зауыт құрылысын талқылады.Алматы қаласы әкімдігінің мәліметінше, аталған зауыттың іске қосылуы мегаполистің қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жаратуға деген қажеттілігін өтеп, 2029 жылға қарай қалдықтарды қайта өңдеу үлесін 80%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.Лун Цзишэн компанияның қалдықтарды энергия көзіне айналдыру саласында ҚХР-да көшбасшы екенін, оның қытай нарығындағы үлесі қазірдің өзінде 40%-ды құрап отырғанын хабарлады.Премьер-министр халық саны мен қажеттіліктердің өсуі жағдайында экология мәселелерін шешудің маңыздылығын айтты.Салалық министрліктер мен Алматы қаласының әкімдігіне екі апта мерзімінде зауыт құрылысын осы жылдың маусым айында бастау үшін Инвестициялар туралы келісімнің жобасын дайындауды қамтамасыз ету тапсырылды.Сонымен қатар кездесу барысында кадр даярлау мәселесі де сөз болды. Жоба аясында 500 жұмыс орны, оның ішінде – 100 тұрақты жұмыс орны ашылады.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/04/0a/52357035_161:0:1121:720_1920x0_80_0_0_a6b455432d5d86f22628734cb1fb8b94.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
үкімет, зауыт, алматы
Қалдықтарды экоутилизациялау зауытының құрылысы: Бектенов екі апта мерзім берді
13:47 10.04.2025 (жаңартылды: 13:48 10.04.2025) Жоба аясында 500 жұмыс орны, оның ішінде – 100 тұрақты жұмыс орны ашылады
АСТАНА, 10 сәуір - Sputnik. Олжас Бектенов Алматыда қалдықтарды экоутилизациялау зауытын салу үшін инвестициялар туралы келісімді екі апта мерзімінде дайындауды тапсырды, деп хабарлады
үкімет.
Премьер-министр Shanghai SUS Environment Co., Ltd. компаниялар тобының президенті – басқарма төрағасы Лун Цзишэн кездесіп, аталған зауыт құрылысын талқылады.
Алматы қаласы әкімдігінің мәліметінше, аталған зауыттың іске қосылуы мегаполистің қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жаратуға деген қажеттілігін өтеп, 2029 жылға қарай қалдықтарды қайта өңдеу үлесін 80%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.
Лун Цзишэн компанияның қалдықтарды энергия көзіне айналдыру саласында ҚХР-да көшбасшы екенін, оның қытай нарығындағы үлесі қазірдің өзінде 40%-ды құрап отырғанын хабарлады.
Премьер-министр халық саны мен қажеттіліктердің өсуі жағдайында экология мәселелерін шешудің маңыздылығын айтты.
"Жыл сайын елімізде 4,5 млн тоннадан астам коммуналдық қалдық түзіледі. Сондықтан, қоқыс өңдеу зауытын салу – қажетті жоба. Электр энергиясын өндіру арқылы қалдықтарды экологиялық кәдеге жарату қайта өңдеуді дамытудағы маңызды қадам болады. Үкімет аталған жобаны мақұлдап, қажетті қолдау көрсетуге дайын. Біз байыпты инвесторлармен ұзақмерзімді ынтымақтастыққа мүдделіміз", — деді Олжас Бектенов.
Салалық министрліктер мен Алматы қаласының әкімдігіне екі апта мерзімінде зауыт құрылысын осы жылдың маусым айында бастау үшін Инвестициялар туралы келісімнің жобасын дайындауды қамтамасыз ету тапсырылды.
Сонымен қатар кездесу барысында кадр даярлау мәселесі де сөз болды. Жоба аясында 500 жұмыс орны, оның ішінде – 100 тұрақты жұмыс орны ашылады.