Астанадағы Дженнифер Лопестің концертіне билет қашан сатылады

© Sputnik / Евгений Одиноков / Медиабанкке өтуКонцерт Дженнифер Лопес
Концерт Дженнифер Лопес  - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.04.2025
Жазылу
Билет бағасы – 40-150 мың теңге. Ал сахнаның алдындағы орындар 180 мың теңгеге сатылады
АСТАНА, 9 сәуір – Sputnik. "Астана Концерт" компаниясының продюсері Малик Хасенов Дженнифер Лопестің концертіне билеттер сатылымға қашан шығарылатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Концерт билеттері Freedom Ticketon сайтында эксклюзивті түрде сатылады.
"Билеттер 11 сәуірде сағат тура 11:00-де сатыла бастайды. Біз көп адамның билет іздейтінін білеміз. Сондықтан алыпсатарлық пен билет махинациялары болмауы үшін әлемдік тәжірибе негізіндегі жүйе қолданылады. Алдымен ваучер сатылады, ал әмбебап QR-код концертке үш күн қалғанда беріледі. Бір адамға ары кетсе төрт билет қана сатылады", - деді Хасенов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Осы орайда ол "бір адамға – төрт билет" ережесін де түсіндірді. Оның айтуынша, бір акаунт немесе бір банк картасымен төрт билет қана сатып алуға мүмкіндік болады.
Билет бағасы - 40 - 150 мың теңге. Ал сахнаның алдындағы орындар 180 мың теңгеге сатылады.
Концерт кезінде бұрын-соңды болмаған қауіпсіздік шаралары қабылданады.
Айта кетері, Дженнифер Лопестің концерті "Астана-Арена" стадионында 1 тамызда өтеді. Бұл шара қала экономикасына 6,5 млрд теңге табыс әкеледі деген болжам бар. Ал бюджетке 400 млн теңге салық түседі. 15 мың турист келуі керек.
Жаңалықтар
0