https://sputnik.kz/20250409/ukimet-elimizdegi-auyl-sharuashylygyn-qoldauga-40-mlrd-tenge-boldi----52333532.html
Үкімет диқандарды қолдауға 40 млрд теңге бөлді
Үкімет диқандарды қолдауға 40 млрд теңге бөлді
Sputnik Қазақстан
Қаражат көктемгі егіс жұмыстарының сапалы жүргізілуін қамтамасыз ету бағытына жұмсалады 09.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-09T17:04+0500
2025-04-09T17:04+0500
2025-04-09T17:25+0500
үкімет
астық
https://sputnik.kz/img/07e8/09/0a/46964747_0:43:1280:763_1920x0_80_0_0_e5809b2eb0e3c049ec707d1a34ec314e.jpg
АСТАНА, 9 сәуір – Sputnik. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау мақсатында үкімет резервтен 40 млрд теңге бөлді. Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. 2024 жылы елімізде дәнді дақылдар бойынша 25,2 млн тонна көлемінде рекордтық өнім жиналды. Жоғары өнімділікке агротехнологияны дұрыс қолдану нәтижесінде және қолайлы ауа райының арқасында қол жеткізілді, деп атап өтті үкіметтегілер.Сонымен қатар ішкі нарық сұранысы шамамен 10 млн тоннаны құрайды. Бүгінде бұл экспорттық әлеуеттің 10 млн тоннасы бағыттары әзірленген дәстүрлі өткізу нарықтарына, ал 2 млн тоннасы алыс бағыттар мен жаңа нарықтарда сату үшін жөнелтілді. Осылайша, тасымалдау шығындарын азайтуды субсидиялау шаруаларға астықты жаңа нарықтарға дер кезінде экспорттауға және астық қоймаларын жаңа өнімге дайындауға мүмкіндік береді.
https://sputnik.kz/20250407/endi-auyl-sharuashylygy-tekhnikasyna-200-mlrd-tengege-deyin-zhenildetilgen-lizing-beriledi-52267803.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/09/0a/46964747_104:0:1177:805_1920x0_80_0_0_ff9bf1dc16e222e6badb84858ea93995.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
үкімет, астық
Үкімет диқандарды қолдауға 40 млрд теңге бөлді
17:04 09.04.2025 (жаңартылды: 17:25 09.04.2025) Қаражат көктемгі егіс жұмыстарының сапалы жүргізілуін қамтамасыз ету бағытына жұмсалады
АСТАНА, 9 сәуір – Sputnik. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау мақсатында
үкімет резервтен 40 млрд теңге бөлді. Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.
"Қаражатты көктемгі егіс жұмыстарының сапалы жүргізілуін қамтамасыз ету, 2025 жылдың өнімін қабылдау үшін астық қоймаларын босату, қазақстандық астық экспортының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сондай-ақ жаңа өткізу нарықтарын игеру сияқты кешенді міндеттерді шешуге бағыттау жоспарланып отыр", - делінген хабарламада.
2024 жылы елімізде дәнді дақылдар бойынша 25,2 млн тонна көлемінде рекордтық өнім жиналды. Жоғары өнімділікке агротехнологияны дұрыс қолдану нәтижесінде және қолайлы ауа райының арқасында қол жеткізілді, деп атап өтті үкіметтегілер.
Сонымен қатар ішкі нарық сұранысы шамамен 10 млн тоннаны құрайды.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылы ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумында атап өткендей, Қазақстанның дәнді дақылдар бойынша экспорттық әлеуеті 12 млн тоннаны құрайды. Бұл – ауқымды көлем және үлкен жауапкершілік. Үкіметтің басты міндеті – шаруаларға өз өнімдерін шетелдік нарықтарда өткізуде жан-жақты қолдау көрсету", - делінген хабарламада.
Бүгінде бұл экспорттық әлеуеттің 10 млн тоннасы бағыттары әзірленген дәстүрлі өткізу нарықтарына, ал 2 млн тоннасы алыс бағыттар мен жаңа нарықтарда сату үшін жөнелтілді.
Осылайша, тасымалдау шығындарын азайтуды субсидиялау шаруаларға астықты жаңа нарықтарға дер кезінде экспорттауға және астық қоймаларын жаңа өнімге дайындауға мүмкіндік береді.