https://sputnik.kz/20250409/negizgi-ubt-ga-otinish-12-sauirden-bastap-qabyldanady-52336815.html
Негізгі ҰБТ-ға өтініш 12 сәуірден бастап қабылданады
Негізгі ҰБТ-ға өтініш 12 сәуірден бастап қабылданады
Sputnik Қазақстан
Тестілеудің өзі 16 мамырда басталып, 5 шілдеге дейін жалғасады 09.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-09T19:20+0500
2025-04-09T19:20+0500
2025-04-09T19:20+0500
ұбт
ұлттық тестілеу орталығы
https://sputnik.kz/img/07e5/05/04/16958363_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_8127a200475fd71d240a11abeadb981f.jpg
АЛМАТЫ, 9 сәуір – Sputnik. 2025 жылғы негізгі ҰБТ-ға өтініш 12 сәуірден бастап қабылданады, деп хабарлады Ұлттық тестілеу орталығы.Негізгі ҰБТ-ға өтініштерді қабылдау 12-25 сәуір аралығында жүзеге асырылады, оның ішінде 12-18 сәуір аралығында бір рет өтініш беруге, 19-25 сәуір аралығында бір немесе екі рет өтініш беруге болады.Тестілеудің өзі 16 мамырда басталып, 5 шілдеге дейін жалғасады. Талапкерлер негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, ең үздік нәтижемен грант конкурсына қатыса алады.Талапкерлердің негізгі ҰБТ-ға дайындығын жақсарту мақсатында енгізілген әр пән бойынша жеке тақырыптық талдау бар. Яғни әр ҰБТ-дан кейін (қаңтар, наурыз) түлектерге жеке тақырыптық талдау бойынша білімдерін арттыру ұсынылады. Сонымен қатар бірінші мүмкіндікті тапсырғаннан кейін олар екінші мүмкіндікке дейін дайындықтарын жақсарта алады. Одан бөлек онлайн байқау сынақтары іске қосылған.Оқу жылының басында ҰТО сайтында тест тапсырмалары құрастырылған оқулықтар тізімі мен тест жоспары; "Қазақстан тарихы" және "Дүниежүзі тарихы" пәндері бойынша 100 тарихи дата тізімі; "Информатика" пәнінен терминдер тізімі; "Қазақ әдебиеті" және "Орыс әдебиеті" бойынша әдеби шығармалар тізімі жарияланды.ҰБТ-дағы пәндердің саны өзгеріссіз қалады, яғни үшеуі міндетті және екеуі таңдау бойынша. ҰБТ тапсырмалар саны – 120. Оның ішінде "Қазақстан тарихынан" 20 тапсырма, "Оқу сауаттылығынан" 10 тапсырма, "Математикалық сауаттылықтан" 10 тапсырма және екі бейіндік пән бойынша 40 тапсырмадан. Жоғары балл – 140.Апелляцияны тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде беруге болады. Сертификат апелляция қаралғаннан кейін тестіленушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.Шекті балдар өзгеріссіз қалды: "Құқық" және "Педагогикалық ғылымдар" бағыттарына түсу үшін кемінде 75 балл, "Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)" үшін кемінде 70 балл жинау қажет; ұлттық ЖОО-на түсу үшін кемінде 65 балл, басқа ЖОО-на түсу үшін кемінде 50 балл жинау қажет.2025 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін бейнежазбаларға талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе басқа да ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда, талапкердің ҰБТ нәтижелері жойылады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/05/04/16958363_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_8816e5677b18d9193f999157f93aaf09.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұбт, ұлттық тестілеу орталығы
ұбт, ұлттық тестілеу орталығы
Негізгі ҰБТ-ға өтініш 12 сәуірден бастап қабылданады
Тестілеудің өзі 16 мамырда басталып, 5 шілдеге дейін жалғасады
АЛМАТЫ, 9 сәуір – Sputnik. 2025 жылғы негізгі ҰБТ-ға өтініш 12 сәуірден бастап қабылданады, деп хабарлады Ұлттық тестілеу орталығы.
Негізгі ҰБТ-ға өтініштерді қабылдау 12-25 сәуір аралығында жүзеге асырылады, оның ішінде 12-18 сәуір аралығында бір рет өтініш беруге, 19-25 сәуір аралығында бір немесе екі рет өтініш беруге болады.
Тестілеудің өзі 16 мамырда басталып, 5 шілдеге дейін жалғасады. Талапкерлер негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, ең үздік нәтижемен грант конкурсына қатыса алады.
"ҰБТ-ға қатысу үшін Ұлттық тестілеу орталығының http://app.testcenter.kz сайты немесе UTO.kz қосымшасы арқылы өтініш беруге болады. Талапкерлер тестілеу күнін, уақытын және пунктін өздері таңдайды. Бұл ретте олар екі мүмкіндік үшін бейіндік пәндердің бір ғана комбинациясын белгілейді", - деп жазылған хабарламада.
Талапкерлердің негізгі ҰБТ-ға дайындығын жақсарту мақсатында енгізілген әр пән бойынша жеке тақырыптық талдау бар. Яғни әр ҰБТ-дан кейін (қаңтар, наурыз) түлектерге жеке тақырыптық талдау бойынша білімдерін арттыру ұсынылады. Сонымен қатар бірінші мүмкіндікті тапсырғаннан кейін олар екінші мүмкіндікке дейін дайындықтарын жақсарта алады. Одан бөлек онлайн байқау сынақтары іске қосылған.
Оқу жылының басында ҰТО сайтында тест тапсырмалары құрастырылған оқулықтар тізімі мен тест жоспары; "Қазақстан тарихы" және "Дүниежүзі тарихы" пәндері бойынша 100 тарихи дата тізімі; "Информатика" пәнінен терминдер тізімі; "Қазақ әдебиеті" және "Орыс әдебиеті" бойынша әдеби шығармалар тізімі жарияланды.
ҰБТ-дағы пәндердің саны өзгеріссіз қалады, яғни үшеуі міндетті және екеуі таңдау бойынша. ҰБТ тапсырмалар саны – 120. Оның ішінде "Қазақстан тарихынан" 20 тапсырма, "Оқу сауаттылығынан" 10 тапсырма, "Математикалық сауаттылықтан" 10 тапсырма және екі бейіндік пән бойынша 40 тапсырмадан. Жоғары балл – 140.
"Тестілеу уақыты – 4 сағат (240 минут). Бұл ретте ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін ұсынылатын қосымша 40 минут уақыт сақталатынын айта кету керек", - деп түсіндірді тестілеу орталығы.
Апелляцияны тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде беруге болады. Сертификат апелляция қаралғаннан кейін тестіленушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.
Шекті балдар өзгеріссіз қалды: "Құқық" және "Педагогикалық ғылымдар" бағыттарына түсу үшін кемінде 75 балл, "Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)" үшін кемінде 70 балл жинау қажет; ұлттық ЖОО-на түсу үшін кемінде 65 балл, басқа ЖОО-на түсу үшін кемінде 50 балл жинау қажет.
2025 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін бейнежазбаларға талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе басқа да ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда, талапкердің ҰБТ нәтижелері жойылады.