https://sputnik.kz/20250408/zhanat-elimanov-24-qarzhy-piramidasy-zhoyyldy-52310150.html
Жанат Элиманов: 24 қаржы пирамидасы жойылды
Жанат Элиманов: 24 қаржы пирамидасы жойылды
Sputnik Қазақстан
Қаржы пирамидаларын ұйымдастырушылардың 2,2 миллиард теңге болатын криптовалюта түріндегі қылмыстық табыстары бұғатталды 08.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-08T15:32+0500
2025-04-08T15:32+0500
2025-04-08T15:34+0500
қаржы пирамидасы
https://sputnik.kz/img/1419/62/14196292_0:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_22f4af911434962789012ae2241dd2fc.jpg
АСТАНА, 8 сәуір – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.Қасым-Жомарт Тоқаевқа агенттік қызметінің негізгі қорытындылары туралы есеп беріліп, алдағы кезеңге арналған міндеттері таныстырылды.Мемлекет басшысына 300 қылмыстық істі тергеп-тексеру аяқталғаны жөнінде баяндалды. Зардап шеккен азаматтарға 20 миллиард теңгеге жуық өтемақы қайтарылды. Қаржы пирамидаларын ұйымдастырушылардың 2,2 миллиард теңге болатын криптовалюта түріндегі қылмыстық табыстары бұғатталды. Ұйымдасқан 6 қылмыстық топ жойылған. Олардың бірі – трансұлттық топ. Ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруда 23 миллиард теңге көлеміндегі бюджет қаржысының мақсатсыз жұмсалуына жол берілмеді.Жанат Элиманов азаматтарды қаржы алаяқтарынан қорғау, қарыз жүктемесін азайту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы мәлімдеді. Заңсыз жұмыс істеген шағын қаржы ұйымдарының желісі анықталды. Олардан 327 мың азамат зардап шеккен. Келтірілген залал мөлшері 30 миллиард теңгені құрайды. 24 қаржы пирамидасы жойылды. Алдын алу мақсатында алаяқтық схемаларды таратқан 5,6 мың сайт бұғатталып, 22 мыңнан астам мүшесі бар 30 топтық чат пен аккаунт жабылған.Қасым-Жомарт Тоқаевқа жастарды қылмыстық схемаларға тартудың алдын алу үшін жүргізіліп жатқан профилактикалық шаралар жөнінде ақпарат берілді. Атап айтқанда, 2,8 мың оқу орнындағы 567 мың оқушыға қаржылық қауіпсіздік бойынша сабақтар өткізілген. Мұндай жұмыстар 100 жоғары оқу орнында жүргізіліп, 100 мыңнан астам студентті қамтыған.Бұдан бөлек, Жанат Элиманов парламент мәжілісінің қарауына кірістерді жылыстатуға қарсы күрес мәселелері бойынша заңнамалық түзетулер енгізілгенін хабарлады. Олар қабылданса, Қазақстан FATF стандарттарына техникалық тұрғыдан толық сай келеді.Мемлекет басшысы экономикалық құқық бұзушылықтың алдын алуды, көлеңкелі айналымның үлесін азайтуды, заңсыз иеленген активтерді жылыстатуға қарсы күресті жалғастыруды, сондай-ақ халықтың қаржылық сауатын арттыруды тапсырды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1419/62/14196292_331:0:1831:1125_1920x0_80_0_0_f59ef6f75ab47afe3602841a10007803.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қаржы пирамидасы
Жанат Элиманов: 24 қаржы пирамидасы жойылды
15:32 08.04.2025 (жаңартылды: 15:34 08.04.2025) Қаржы пирамидаларын ұйымдастырушылардың 2,2 миллиард теңге болатын криптовалюта түріндегі қылмыстық табыстары бұғатталды
АСТАНА, 8 сәуір – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа агенттік қызметінің негізгі қорытындылары туралы есеп беріліп, алдағы кезеңге арналған міндеттері таныстырылды.
Мемлекет басшысына 300 қылмыстық істі тергеп-тексеру аяқталғаны жөнінде баяндалды. Зардап шеккен азаматтарға 20 миллиард теңгеге жуық өтемақы қайтарылды. Қаржы пирамидаларын ұйымдастырушылардың 2,2 миллиард теңге болатын криптовалюта түріндегі қылмыстық табыстары бұғатталды. Ұйымдасқан 6 қылмыстық топ жойылған. Олардың бірі – трансұлттық топ. Ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруда 23 миллиард теңге көлеміндегі бюджет қаржысының мақсатсыз жұмсалуына жол берілмеді.
"Президентке ағаш пен темірдің заңсыз экспорттарының жолы кесілгені туралы баяндалды. Сондай-ақ жанар-жағармайды заңсыз тасымалдаудың ірі схемасы жойылғаны жайында айтылды. Бұл ішкі нарықтағы жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік берді", - деп жазылған хабарламада.
Жанат Элиманов азаматтарды қаржы алаяқтарынан қорғау, қарыз жүктемесін азайту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы мәлімдеді. Заңсыз жұмыс істеген шағын қаржы ұйымдарының желісі анықталды. Олардан 327 мың азамат зардап шеккен. Келтірілген залал мөлшері 30 миллиард теңгені құрайды. 24 қаржы пирамидасы жойылды. Алдын алу мақсатында алаяқтық схемаларды таратқан 5,6 мың сайт бұғатталып, 22 мыңнан астам мүшесі бар 30 топтық чат пен аккаунт жабылған.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа жастарды қылмыстық схемаларға тартудың алдын алу үшін жүргізіліп жатқан профилактикалық шаралар жөнінде ақпарат берілді. Атап айтқанда, 2,8 мың оқу орнындағы 567 мың оқушыға қаржылық қауіпсіздік бойынша сабақтар өткізілген. Мұндай жұмыстар 100 жоғары оқу орнында жүргізіліп, 100 мыңнан астам студентті қамтыған.
Бұдан бөлек, Жанат Элиманов парламент мәжілісінің қарауына кірістерді жылыстатуға қарсы күрес мәселелері бойынша заңнамалық түзетулер енгізілгенін хабарлады. Олар қабылданса, Қазақстан FATF стандарттарына техникалық тұрғыдан толық сай келеді.
Мемлекет басшысы экономикалық құқық бұзушылықтың алдын алуды, көлеңкелі айналымның үлесін азайтуды, заңсыз иеленген активтерді жылыстатуға қарсы күресті жалғастыруды, сондай-ақ халықтың қаржылық сауатын арттыруды тапсырды.