Шетелдіктер қайтадан Қазақстаннан тыс жерде ЖСН ала алады

© Sputnik / Абзал КалиевСитуация в казахстанских ЦОНах , 28.09.2022 г.
Ситуация в казахстанских ЦОНах , 28.09.2022 г. - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.04.2025
Жазылу
Сыртқы істер, Ішкі істер және Цифрлық даму министрліктерінің пилоттық жобасы 2025 жылдың соңына дейін жалғасады
АСТАНА, 8 сәуір – Sputnik. Қазақстанда 18 сәуірден бастап шетелдіктерге шетелдік мекемелер арқылы жеке сәйкестендіру кодтарын (ЖСН) беру қайта басталады.
Енді пилоттық жобаға 100 елшілік пен консулдық қосылды.
Қандай шетелдіктер қазақстандық ЖСН-ді дипломатиялық өкілдіктер арқылы Ішкі істер министрлігінен ала алады
әлеуетті инвесторлар;
тауарларды таңбалау және қадағалап отыру шеңберінде тауар айналымына қатысушылар;
Қазақстан азаматтарының жұбайы болып саналатын шетел азаматтары (АХАТ ақпараттық жүйесінде азаматтық хал актілерін тіркеу туралы белгі қою үшін);
егер ата-анасының бірі Қазақстан азаматы болса, шет мемлекет азаматтарының балалары (16 жасқа толмаған);
Қазақстанда мұраны қабылдайтын шетелдіктер;
Digital Nomad Residence және Digital Nomad Visa бағдарламаларының әлеуетті қатысушылары;
мүмкіндігі шектеулі шетел азаматтары;
65 жастан асқан шетелдіктер;
өсімдіктерді қорғау құралдарын (пестицидтерді) өндірушілер мен тіркеушілер;
Қазақстанда тіркелген заңды тұлғалардың, филиалдардың және (немесе) өкілдіктердің басшылары.
Сонымен қатар өкілдіктердің қызметкерлері ЖСН-ді ҚР Сыртқы істер министрлігі арқылы ала алады.
ЖСН алу үшін шетелдіктер өтінішті, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін және оның түпнұсқасын алып шетелдік мекемеге жеке хабарласуы қажет.
Жаңалықтар
0