Екібастұзда қуаттылығы 460 мың тонна болатын үш ферроқорытпа зауытын салу жоспарлануда

© Photo : Министерство транспорта КазахстанаГлава Минтранспорта Марат Карабаев посетил предприятия и вокзал Экибастуза
Глава Минтранспорта Марат Карабаев посетил предприятия и вокзал Экибастуза - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.04.2025
Жазылу
Павлодар облысы экономиканың негізгі салалары бойынша көрсеткіш өскен
АЛМАТЫ, 8 сәуір – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановтың былтырғы жылдың қорытындысы және алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы есебін тыңдады.
Павлодар облысы экономиканың негізгі салалары бойынша көрсеткіш өскен. Өткен жылы өңірдің жалпы өнеркәсіп өнімі 5,8%-ке өсіп, 1,1 трлн теңге инвестиция тартылды.
Әкім ірі инвестициялық жобалар туралы баяндады:
Құрамында алтын бар концентратты қайта өңдеу және ферроқорытпаларды өндіру бойынша 2 ірі жоба іске асырылуда.
Екібастұзда (қуаты 460 мың тонна) үш ферроқорытпа зауытын салу жоспарлануда.
Олар іске қосылса Қазақстанды ферроқорытпалар өндіру көлемі бойынша әлемде 2-ші орынға шығарады.
Барлық әлеуметтік міндеттемелердің орындалуы:
30 мыңнан астам жұмыс орны құрылды;
40 жаңа нысан ашылып, 83 әлеуметтік нысан жаңғыртылды;
Қосымша білім берудің 3 орталығы, 1800 орындық жайлы мектептер салынды;
Авариялық мектептердің орнына 3 мектеп салынып, 26 мектеп жаңғыртылды.
Инфрақұрылым: 20 жылда алғаш рет жылу желілерінің тозу дәрежесі 1,3-ке төмендеді%;
Қоғамдық көліктің 80% жаңартылды, 230 автобус жеткізілді;
Трамвай паркі жаңартылуда.
25 вагонның бірінші партиясы қыркүйек айында келеді.
Президент:
Инвестицияларды белсенді тартуды жалғастыру,
"Жайлы мектеп" ұлттық жобасын сапалы және уақтылы іске асыруды қамтамасыз ету,
Экономиканы әртараптандыру, әлеуметтік саланы дамыту, инфрақұрылымды жаңғырту және көктемгі дала жұмыстарына дайындық жөніндегі жұмысты күшейту турлы тапсырма берді.
Жаңалықтар
0