ЕАЭО Мексикамен ынтымақтастыққа мүдделі - ЕЭК

© Photo : Правовой портал ЕАЭСЕАЭО символдары
ЕАЭО символдары - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.04.2025
Жазылу
Комиссия Мексикамен өнеркәсіптік саладағы ынтымақтастық туралы меморандум жасасу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды
АСТАНА, 8 сәуір – Sputnik. ЕАЭО Мексикамен мазмұнды ынтымақтастық орнатуға мүдделі, деді "Ресей-Мексика" бизнес форумының аясында ЕЭК Өнеркәсіптік саясат департаментінің директоры Николай Кушнарев.
Сондай-ақ, ол Мексикамен өнеркәсіптік салада ынтымақтастық туралы меморандум жасасу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.
Мексиканың және басқа Латын Америкасы елдерінің арнайы экономикалық аймақтар мен өнеркәсіптік кластерлер механизмін пайдалану тәжірибесі ЕЭК пен Одақ елдерінің қызығушылығын тудыратыны белгілі.
Айта кету керек, ЕАЭО-дан Мексикаға кооперативтік (аралық) өнеркәсіп өнімдерінің экспорты негізінен металлургия және химия өнеркәсібі өнімдерінен тұрады. Мексикадан ЕАЭО-ға импортқа химиялық өнімдер, машиналар мен жабдықтар кіреді.
Жаңалықтар
0