Дженнифер Лопес Астанада концерт береді: бюджеттен қаржы бөліне ме

© Shutterstock/Fotodom FotodomДженнифер Лопес
Дженнифер Лопес - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.04.2025
Жазылу
Бұл шара қала экономикасына 6,5 млрд теңге табыс әкеледі деген болжам бар
АСТАНА, 8 сәуір – Sputnik. Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Астанадағы Дженнифер Лопестің концертіне қаржы қайдан алынатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Джей Лоның концерті "Астана-Аренада" өтеді. Бұл шара қала экономикасына 6,5 млрд теңге табыс әкеледі деген болжам бар. Ал бюджетке 400 млн теңге салық түседі.
Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаевтың айтуынша, бұл шараға бюджеттен бірде-бір теңге жұмсалмайды.
"Дженнифер Лопестің концерті толығымен жеке меншік ақшаға ұйымдастырылады. Демек, кәсіпкер осы жұлдыздың барлық құрал-жабдығын, райдерін алып келуге мүмкіндік тапты. Концерт те өз-өзін ақтайтындай жасап отыр. Басқа ұйымдастырушылар да соған қарап әлемдік жұлдыздарды әкелетін шығар", - деді Еркінбаев үкіметте өткен брифингте.
Осы орайда вице-министр әлемдік масштабтағы жұлдыздар үшін концерттік залдардың тапшылығы бар екенін де айтты.
"Бізде "Алматы-Арена" бар, "Барыс-Арена" бар. Дегенмен, әлемдік жұлдыздардың деңгейіне сай бұдан да ауқымды залдар керек. Сондықтан жаңадан салынатын Алатау қаласына үлкен сенім артып отырмыз. Ол жақта үлкен концерт аренасы салынады деген жоспар бар. Сосын Бурабайда бір концерт залы салынады", - деді Еркінбаев.
Этноаул на территории ЭКСПО - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.03.2025
Астанада 21-22 наурыз күндері танымал әншілер мерекелік концерт қояды
Жаңалықтар
0