ДДСҰ Қазақстанның аурулардың алдын алудағы жетістіктерін атап өтті

© Sputnik/Ляля ЛиловаНовая больница в Кызылорде обойдется государству в 36,4 миллиарда тенге
Новая больница в Кызылорде обойдется государству в 36,4 миллиарда тенге - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.04.2025
Жазылу
Қазақстанда вейптерге тыйым салынды, алкогольге қатысты қатаң саясат жүргізілуде
АЛМАТЫ, 8 сәуір – Sputnik. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қазақстанның аурулардың алдын алудағы жетістіктерін атап өтті, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Қазақстан созылмалы инфекциялық емес аурулардан болатын мезгілсіз өлім-жітімді төмендетуге қол жеткізген әлемдегі 10 елдің біріне айналды. ДДСҰ Еуропалық өңірлік бюросының директоры Ханс Клюге бұл ретте мемлекеттік қолдау шаралары маңызды рөл атқарғанын атап өтті.
"Қазақстан – жүрек-қан тамырлары аурулары, онкологиялық және басқа да созылмалы жұқпалы емес аурулардан болатын мезгілсіз өлім-жітімді төмендетуге қол жеткізген әлемдегі он елдің бірі. Қазақстанның алдын алу саласында қабылдап жатқан шаралары үлкен әсер етті: вейптерге тыйым салынды, алкогольге қатысты қатаң саясат жүргізілуде, адам папилломасы вирусына қарсы екпе салу бағдарламасы жүзеге асырылуда", - деп атап өтті Ханс Клюге.
Ол сондай-ақ көп ұзамай ДДСҰ қамқорлығымен Қазақстан мен ДДСҰ Еуропалық бюросы арасындағы ынтымақтастық аясында жоғары білікті кадрларды даярлау жүзеге асырылатын Алғашқы медициналық-санитарлық көмек академиясын ашу жоспарланып отырғанын айтты.
Жаңалықтар
0