Дауыл салдарынан Алматының бас ботаникалық бағы жабылды

© Sputnik / Тимур БатыршинАлматының бас ботаникалық бағы. Архивтегі фото
Алматының бас ботаникалық бағы. Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.04.2025
Жазылу
АСТАНА, 8 сәуір – Sputnik. Дауылға байланысты Алматының бас ботаникалық бағы 10 сәуірге дейін жабылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қазіргі уақытта ағаштар құлап, бұтақтары сынғандықтан ботаникалық бақтың айналасында жүру қиынға соғып тұр.
"Сондықтан қауіпті ағаштардың құлау мүмкіндігін болдырмау үшін қоғамдық аумақты тазарту, сондай-ақ ағаштардың жағдайын тексеру қажет. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - деп хабарлады бақтың баспасөз қызметі.
Еске салайық, кеше Алматыда жойқын дауыл соқты. Күн күркіреп, найзағай ойнап, нөсер жауын жауды.
Самолет в небе - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.11.2024
Астанада дауыл салдарынан бірнеше әуе рейсі кешікті
Жаңалықтар
0