Астана әкімдігіне LRT бойынша қарыз өтелді

Астанадағы LRT
Астанадағы LRT - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.04.2025
Жазылу
Қайтарылған активтердің жалпы құны 920 млн теңге
АСТАНА, 8 сәуір - Sputnik. LRT бойынша мемлекет алдындағы қарыз өтелді, деп хабарлайды Астана қалалық прокуратурасы.
Елорда прокуратурасы "City Transportation Systems" ЖШС-нің (бұрынғы "Astana LRT" компаниясының) пайдасына қатысты сот актілерінің орындалуына талдау жүргізді. Айта кетейік, бұл серіктестіктің құрылтайшысы - Астана қаласының әкімдігі.
"Қадағалау шараларымен борышкерлер мемлекет балансына жалпы 40 жылжымайтын мүлікті берді", - деп жазды ведомстводағылар.
Оның ішінде:
39 тұрғын емес үй-жай;
ауданы 12,8 га темір жолдары бар асфальт-бетон зауытының жылжымайтын мүлікке қызмет көрсетудің нысаналы мақсаты болып табылатын жер учаскесі бар.
Қайтарылған активтердің жалпы құны 920 млн теңге.
Мемлекеттің пайдасына құны 615 млн теңге болатын тағы 37 мүлік нысаны өндірілуде.
Олжас Бектенов проверил темпы строительства LRT в Астане   - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.04.2025
Қытайда LRT вагондарын құрастыру жұмыстары басталды – фото
Жаңалықтар
0