Ұлытау облысында жергілікті тұрғын мемлекетке 1,1 млрд теңге шығын келтірді

© Photo : сайт премьер-министра КазахстанаБакырчикское горнодобывающее предприятие (Polymetal)
Бакырчикское горнодобывающее предприятие (Polymetal) - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.04.2025
Жазылу
Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді
АСТАНА, 7 сәуір – Sputnik. Ұлытау облысында 16 мың тонна марганец рудасын заңсыз өндірген жергілікті тұрғынға қатысты үкім шығарылды, деп хабарлайды ҚМА.
Оған жер қойнауын рұқсатсыз пайдалану және қылмыстық табысты заңдастыру фактісі бойынша айып тағылды.
Күдікті 2020-2023 жылдар аралығында "Шығыс Қаражал" карьерінен марганец рудасын лицензия мен жер қойнауын пайдалану келісімшартынсыз заңсыз өндірген.
"Нәтижесінде алынған руданың көлемі 16 мың тоннадан, ал мемлекетке келген шығын 1,1 миллиард теңгеден асты", - деп жазылған хабарламада.
Қылмыстық табысты заңдастыру мақсатында ол жалған келісімдер жасап, өзіне бақылаудағы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер арқылы өңделген темір-марганец рудасын сатқан.
Сауданың нәтижесінде қылмыстық табыс 3,5 миллиард теңгеден асты.
Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
Сондай-ақ оның 97,8 миллион теңгеге бағаланған мүлкі, соның ішінде 5 автокөлік пен ауыл шаруашылығы қожалығы тәркіленді.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Подозреваемый в наручниках - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.06.2022
Жамбыл облысында алтын рудасын ұрламақ болғандар ұсталды
Жаңалықтар
0