https://sputnik.kz/20250407/qazaqstanga-23-elden-zhol-salasynyn-okilderi-keldi-52285900.html
Қазақстанға 23 елден жол саласының өкілдері келді
Қазақстанға 23 елден жол саласының өкілдері келді
Sputnik Қазақстан
2023 жылы Қазақстан алғаш рет Дүниежүзілік жол қауымдастығының Атқарушы комитетінің мүшесі атанып, төрт жылдық өкілетке ие болды 07.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-07T20:12+0500
2025-04-07T20:12+0500
2025-04-07T20:15+0500
көлік
министрлік
https://sputnik.kz/img/07e9/04/07/52285740_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_ea2473b77b143898747d72ced1a23f1c.jpg
АСТАНА, 7 сәуір – Sputnik. Астана қаласында Дүниежүзілік жол қауымдастығының (PIARC) құрамына кіретін 23 елден келген 50-ге жуық жол саласының маманы бас қосты, деп хабарлады көлік министрлігі.2023 жылы Қазақстан алғаш рет қауымдастықтың Атқарушы комитетінің мүшесі атанып, төрт жылдық өкілетке ие болды. Араға екі жыл салып, елімізде өзге мемлекет өкілдерінің қатысуымен комитеттің жаңа құрамының отырысы өтіп жатыр.Отырысты Көлік министрі Марат Қарабаев ашты. Министр жол инфрақұрылымын дамытуда серіктестікті нығайтудың, заманауи шешімдерді енгізу мен тәжірибе алмасудың маңызын айтты.PIARC қауымдастығының Құрметті Президенті Назир Алли ұйымдастырылған шара үшін Қазақстан тарапына алғыс білдірді. Оның айтуынша, бірлескен жұмыс тұрақты әрі қауіпсіз көлік жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.Отырыс барысында қатысушылар PIARC-тың 2025–2029 жылдарға арналған жұмыс бағыттарын талқылады. Негізгі тақырыптардың қатарында жолдарды жобалау мен пайдалану тәсілдерін жаңғырту, жол қауіпсіздігін арттыру, жаңа технологияларды енгізу және нормативтік стандарттарды жетілдіру бар.PIARC – әлемнің 140-тан астам елін қамтып, жол саласының мамандарын біріктіретін беделді халықаралық платформа. Қауымдастықтың басты миссиясы – жаһандық білім алмасуға жағдай жасау, заманауи тәсілдерді қалыптастыру және жол инфрақұрылымы саласындағы кәсіби ынтымақтастықты нығайту.
https://sputnik.kz/20250407/su-tasqyny-24-eldi-meken-kolik-qatynasynsyz-qaldy-52285482.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/04/07/52285740_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_37846542af83c0a6dee07059a988842a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
көлік, министрлік
Қазақстанға 23 елден жол саласының өкілдері келді
20:12 07.04.2025 (жаңартылды: 20:15 07.04.2025) 2023 жылы Қазақстан алғаш рет Дүниежүзілік жол қауымдастығының Атқарушы комитетінің мүшесі атанып, төрт жылдық өкілетке ие болды
АСТАНА, 7 сәуір – Sputnik. Астана қаласында Дүниежүзілік жол қауымдастығының (PIARC) құрамына кіретін 23 елден келген 50-ге жуық жол саласының маманы бас қосты, деп хабарлады көлік министрлігі.
2023 жылы Қазақстан алғаш рет қауымдастықтың Атқарушы комитетінің мүшесі атанып, төрт жылдық өкілетке ие болды. Араға екі жыл салып, елімізде өзге мемлекет өкілдерінің қатысуымен комитеттің жаңа құрамының отырысы өтіп жатыр.
Отырысты Көлік министрі Марат Қарабаев ашты. Министр жол инфрақұрылымын дамытуда серіктестікті нығайтудың, заманауи шешімдерді енгізу мен тәжірибе алмасудың маңызын айтты.
PIARC қауымдастығының Құрметті Президенті Назир Алли ұйымдастырылған шара үшін Қазақстан тарапына алғыс білдірді. Оның айтуынша, бірлескен жұмыс тұрақты әрі қауіпсіз көлік жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Отырыс барысында қатысушылар PIARC-тың 2025–2029 жылдарға арналған жұмыс бағыттарын талқылады. Негізгі тақырыптардың қатарында жолдарды жобалау мен пайдалану тәсілдерін жаңғырту, жол қауіпсіздігін арттыру, жаңа технологияларды енгізу және нормативтік стандарттарды жетілдіру бар.
PIARC – әлемнің 140-тан астам елін қамтып, жол саласының мамандарын біріктіретін беделді халықаралық платформа. Қауымдастықтың басты миссиясы – жаһандық білім алмасуға жағдай жасау, заманауи тәсілдерді қалыптастыру және жол инфрақұрылымы саласындағы кәсіби ынтымақтастықты нығайту.