Орталық Азия мемлекеттері айтарлықтай ресурстық әлеуетке ие – ЕЭК

© Sputnik/Ертай СарбасовФлаги ЕАЭС
Флаги ЕАЭС - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.04.2025
Жазылу
Еуразиялық комиссия экономикалық ынтымақтастықтың зор әлеуетін еске салды
АСТАНА, 4 сәуір – Sputnik. ЕАЭО Еуропа мен Орталық Азия арасындағы кооперацияны тереңдету алаңына айналуы мүмкін.
Бұл туралы ЕЭК Өнеркәсіптік саясат департаменті директорының орынбасары Георгий Арзуманян мәлімдеді.
Арзуманян Қазақстан мен Қырғызстан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше, ал Өзбекстан ЕАЭО-да бақылаушы мәртебесіне ие екенін атап өтті.
"Біздің интеграциялық күн тәртібіміздің маңызды бағыты экономиканың нақты секторын қолдау және өнеркәсіптік кооперацияны дамыту болып саналады. Комиссия машина жасау, мұнай-газ жабдықтарын өндіру, жеңіл өнеркәсіп, химия өнеркәсібі және т.б. салаларда ынтымақтастық тізбектерін құруда", - деп атап өтті Георгий Арзуманян.
Георгий Арзуманян сондай-ақ Орталық Азия мемлекеттерінің айтарлықтай ресурстық әлеуеті бар екенін және өнеркәсіптік әлеуеттің серпінді өсімін көрсетіп отырғанын айты.
Жаңалықтар
0