Есіл деңгейі көтерілді: 9 жылқы суда қалып қойды

ТЖМ мамандары 9 жылқыны құтқарды
ТЖМ мамандары 9 жылқыны құтқарды - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.04.2025
Жазылу
Іздестіру пилотсыз ұшу аппаратының көмегімен жүргізілді
АСТАНА, 7 сәуір – Sputnik. ТЖМ құтқарушылары 9 жылқыны суға кетуден құтқарды, деп хабарлады ведомсвтоның баспасөз қызметі.
Ақмола облысында Есіл өзенінің деңгейі жоғарылаған. Соның салдарынан 9 жылқы судың ортасында қалып қойған.
Жылқыларды су тұтқынынан құтқару үшін ТЖМ қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар көмекке келді. Іздестіру пилотсыз ұшу аппаратының көмегімен жүргізілді.
Құтқарушылар жылқыларға жүзу құралдарымен жетіп, оларды қауіпсіз жерге айдап шығарды.
Су тасқынына дрондар арқылы мониторинг жүргізіледі - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.04.2025
Су тасқыны: 24 елді мекен көлік қатынасынсыз қалды
Жаңалықтар
0