Ақтөбеде ер адам аулада тұрғынға пышақпен шабуыл жасаған

© Sputnik / Табылды КадырбековАқтөбеде бетаныс адам ойын алаңында тұрғынға пышақпен шабуыл жасаған
Ақтөбеде бетаныс адам ойын алаңында тұрғынға пышақпен шабуыл жасаған  - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.04.2025
Жазылу
Қазіргі уақытта полиция күдіктіні ұстады
АСТАНА, 7 сәуір — Sputnik. 6 сәуір сағат 15:00 шамасында Ақтөбе қаласы Абай даңғылындағы балалар ойын алаңының бірінде 50-60 жас шамасындағы ер адам тұрғынға пышақпен шабуыл жасаған.
Бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жәбірленуші жазды. Оның айтуынша күйеуі аз уақытқа жұмыстарымен кеткенде, үлкен ұлы 5 жасар інісіне қарап қалған. Сол арада ұлын бейтаныс ер адам ағаш сыпырғышпен ұрып, қолын көгертіп жіберген.

"Үлкен ұлым інісін алып кетуге тырысқанда, бейтаныс адам пышағын алып шығып, баламды бауырына жібермей, өмірлеріне қауіп төндірген. Сол арада ұлым әкесіне қоңырау шалған, күйеуім келгеннен кейін бәрін сабырлы түрде шешуге тырысқан. Бірақ шабуылдаушы агрессивті түрде әрекет етіп, ауыр сөздер айтып, күйеуімнің кеудесін пышақпен жарақаттаған", - делінген хабарламада.

Жазба иесі өзі де оқиға орнына жеткенде күйеуінің үсті-басы қан болғанын жазған. Сонымен қатар, мұның барлығы аулада балалардың көзінше болған. Пышақпен шабуыл жасаған ер адам кейінірек тіпті жедел жәрдем көлігінің ішіне кірмекші болды. Тек полицейлер келгенде ғана тынышталған.
Жәбірленушінің жұбайы күдікті пышағын лақтырып үлгерген деді. Пышақты онымен бірге болған әйел алып үлгерген деп болжады ол.

"Күйеуіме 2 сағат ота жасалды. Диагнозы әлі белгісіз. Полицияда ұлымды ұрып-соққандығы жайлы ештеңе айтылмады. Одан тек куәгер ретінде жауап алды. Шабуыл жасаған ер адам әлі де бостандықта. Бүгін тағы да көрдім, ол мені қорқытты. Мен үйден шығуға қорқамын", - деп жазған жәбірленуші.

Қалалық полицияда хабарлағандай, қазіргі уақытта полиция пышақтау фактісі бойынша күдіктіні ұстады. Оның үстінен ҚР ҚК 106-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде және бұлтартпау шарасы туралы мәселе шешіліп жатыр.
Мешіт. Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.09.2024
Астана мешітінде белгісіз біреу келушілерге пышақ сілтеген
Жаңалықтар
0