Алматы облысында бірнеше ауыл жарықсыз қалды
21:57 07.04.2025 (жаңартылды: 22:17 07.04.2025)
© Sputnik / Абзал КалиевШам, жарық

© Sputnik / Абзал Калиев
Жазылу
Дегенмен, жарықсыз қалған абоненттердің жалпы санын анықтау мүмкін емес
АСТАНА, 7 сәуір – Sputnik. Алматы облысының Қарасай ауданында бірнеше ауыл жарықсыз қалды.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты Шамалған, Бекболат, Қайнар, Жандосов, Шалқар, Жалпақсай, Алмалыбақ, Мерей, Жібек жолы, Береке, Көкөзек, Көксай, Іргелі, Жармұхамбек, Кемертоған ауылдары мен Қаскелең қаласы жарықтан ажыратылды.
Дегенмен, жарықсыз қалған абоненттердің жалпы санын анықтау мүмкін емес.
Қарасай аудандық электрмен жабдықтау мамандары қолайлы ауа-райы орнағаннан кейін жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізеді.