https://sputnik.kz/20250406/aqmola-oblysynda-politsiyanyn-eskertuin-elemegen-kolik-zhurgizushisi-suga-batyp-ketti-52259489.html
Жолды су басқан: Ақмола облысында полицияның ескертуін елемеген жүргізуші батып кетті
Жолды су басқан: Ақмола облысында полицияның ескертуін елемеген жүргізуші батып кетті
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 6 сәуір – Sputnik. Ақмола облысында полицияның ескертуін елемеген джип жүргізушісі суға көлігімен бірге батып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 06.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-06T17:52+0500
2025-04-06T17:52+0500
2025-04-06T17:57+0500
ақмола облысы
https://sputnik.kz/img/07e7/04/07/33685182_0:100:1920:1180_1920x0_80_0_0_1dc2aceda544fa003851c5d45c1cfd37.jpg
АСТАНА, 6 сәуір – Sputnik. Ақмола облысында полицияның ескертуін елемеген джип жүргізушісі суға көлігімен бірге батып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Облыстық полиция департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, 5 сәуірде "Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – Ресей шекарасы" тас жолының 963 шақырымында еріген қардың суы жолды үстіне шығып кетті. Осыған байланысты көлік қозғалысы жабылып, полиция бекеті де қойылған болатын.Джип суға батып кетті. Полицейлер мен құтқарушылар салонда болған екі жолаушыны құтқарып үлгерді. Ал жүргізушінің денесі түнгі сағат 02:30-да ғана табылды.Полиция су тасқыны кезінде енгізілген шектеу шараларын қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.Айта кетері, Ақмола облысында су тасқыны салдарын жоюға 300 маман мен 156 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. Екі ауылдан 100-ден астам тұрғын эвакуацияланды. Бүгін "Көкшетау-Атбасар" автожолының бір учаскесі жабылды. Оны да су басты.
https://sputnik.kz/20240804/aqtobe-oblysynda-ush-bala-men-olardy-qutqarmaq-bolgan-akesi-suga-batyp-ketti-46081708.html
ақмола облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/07/33685182_107:0:1814:1280_1920x0_80_0_0_f409edb4baf5d960df3ec0be7445585f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақмола облысы
Жолды су басқан: Ақмола облысында полицияның ескертуін елемеген жүргізуші батып кетті
17:52 06.04.2025 (жаңартылды: 17:57 06.04.2025) АСТАНА, 6 сәуір – Sputnik. Ақмола облысында полицияның ескертуін елемеген джип жүргізушісі суға көлігімен бірге батып кетті, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Облыстық полиция департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, 5 сәуірде "Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – Ресей шекарасы" тас жолының 963 шақырымында еріген қардың суы жолды үстіне шығып кетті. Осыған байланысты көлік қозғалысы жабылып, полиция бекеті де қойылған болатын.
"Бірақ джип жүргізушісі шектеуді елемей, жабық тұрған жол учаскесін айналып өтпекші болды. Су басқан жерден өтіп бара жатқанда көлікті ағынмен алып кетті", - дейді полицейлер.
Джип суға батып кетті. Полицейлер мен құтқарушылар салонда болған екі жолаушыны құтқарып үлгерді. Ал жүргізушінің денесі түнгі сағат 02:30-да ғана табылды.
Полиция су тасқыны кезінде енгізілген шектеу шараларын қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.
Айта кетері, Ақмола облысында су тасқыны салдарын жоюға 300 маман мен 156 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. Екі ауылдан 100-ден астам тұрғын
эвакуацияланды. Бүгін "Көкшетау-Атбасар" автожолының бір учаскесі жабылды. Оны да
су басты.