https://sputnik.kz/20250406/almatyda-tapa-tal-tuste-koshede-er-adamdy-pyshaqtap-ketti-52262063.html
Алматыда тапа-тал түсте көшеде ер адамды пышақтап кетті
Алматыда тапа-тал түсте көшеде ер адамды пышақтап кетті
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 6 сәуір – Sputnik. Алматыда ұлттық ұлан сарбаздары жамбасынан ауыр пышақ жарақатын алған адамның өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 06.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-06T20:48+0500
2025-04-06T20:48+0500
2025-04-06T20:48+0500
ұлттық ұлан
алматы
https://sputnik.kz/img/1260/19/12601930_0:189:2000:1314_1920x0_80_0_0_14ef6732b3689c6ddda947364117556d.jpg
АСТАНА, 6 сәуір – Sputnik. Алматыда ұлттық ұлан сарбаздары жамбасынан ауыр пышақ жарақатын алған адамның өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Қатардағы жауынгерлер Аян Бимырза, Абзал Омаров және Ескендір Закиров Медеу ауданындағы кезекшілік кезінде Пушкин көшесінің бойында үсті-басы қан адамды байқаған. Белгісіз біреу оны пышақтап кеткен. Жәбірленушінің жамбасындағы терең жарақаттан қан сорғалап тұрған. Әскерилер жәбірленушіге дереу алғашқы медициналық көмек көрсеттіАл Наурызбай ауданында ұландықтардың тағы тобы бірнеше адамды есірткімен ұстады. Тексеру кезінде олардан жасыл түсті есірткі заты бар байлам, сондай-ақ оны қолдануға арналған қолдан жасалған құрылғы табылды.Кіші сержант Әли Тұрлығожа мен қатардағы жауынгерлер Бағдәулет Мырзахан, Жанболат Аятұлы, Саят Қуандық және Мұхамед-Әли Серіков бастаған патрульдік топтың арқасында күдіктілер ұсталып, Наурызбай ауданының полиция қызметкерлеріне тапсырылды.
https://sputnik.kz/20211118/oskemen-er-adam-video-18695964.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1260/19/12601930_131:0:1908:1333_1920x0_80_0_0_bd52f7671368d8cf53d8dbbbcee44962.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұлттық ұлан, алматы
Алматыда тапа-тал түсте көшеде ер адамды пышақтап кетті
АСТАНА, 6 сәуір – Sputnik. Алматыда ұлттық ұлан сарбаздары жамбасынан ауыр пышақ жарақатын алған адамның өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Қатардағы жауынгерлер Аян Бимырза, Абзал Омаров және Ескендір Закиров Медеу ауданындағы кезекшілік кезінде Пушкин көшесінің бойында үсті-басы қан адамды байқаған. Белгісіз біреу оны пышақтап кеткен. Жәбірленушінің жамбасындағы терең жарақаттан қан сорғалап тұрған. Әскерилер жәбірленушіге дереу алғашқы медициналық көмек көрсетті
"Біз қанды тоқтату әдісін қолдандық, жараны таңып, жедел жәрдем мен полиция шақырдық. Екі қызмет те оқиға орнына жедел келді. Дәрігерлер жәбірленушіні тексеріп, жарасына ем-дом жасады, ал полицейлер жағдайдың мән-жайын анықтауға кірісті", — дейді әскери жасақ бастығы Аян Бимырза.
Ал Наурызбай ауданында ұландықтардың тағы тобы бірнеше адамды есірткімен ұстады. Тексеру кезінде олардан жасыл түсті есірткі заты бар байлам, сондай-ақ оны қолдануға арналған қолдан жасалған құрылғы табылды.
Кіші сержант Әли Тұрлығожа мен қатардағы жауынгерлер Бағдәулет Мырзахан, Жанболат Аятұлы, Саят Қуандық және Мұхамед-Әли Серіков бастаған патрульдік топтың арқасында күдіктілер ұсталып, Наурызбай ауданының полиция қызметкерлеріне тапсырылды.