Медициналық көмек ақысын төлеудің бірыңғай жүйесі енгізіліп жатыр

© Sputnik / Болат ШайхиновЛекарства, деньги
Лекарства, деньги - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.04.2025
Жазылу
1 шілдеден бастап жаңа жүйе еліміздің барлық медициналық ұйымында енгізіледі
АСТАНА, 5 сәуір – Sputnik. Қазақстанда медициналық көмек ақысын төлеудің бірыңғай жүйесін енгізу басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Денсаулық сақтау министрлігі таратқан мәліметке сәйкес, жаңа цифрлық құрал Saqtandyrý ақпараттық жүйесіне интеграцияланған. Соның арқасында тегін медициналық көмек пен мемлекеттік сақтандыру аясында медициналық қызметтерді қаржыландырудың ашықтығын және сапасын бақылауға мүмкіндік болады.
"Биыл наурыз айында Бірыңғай төлем жүйесін пилоттық іске асыру Ақмола облысының медициналық ұйымдарында басталды. 1 шілдеден бастап жаңа жүйе еліміздің барлық медициналық ұйымында енгізілетін болады", - делінген ресми хабарламада.
Жаңа жүйе пилоттық жоба аясында өзінің тиімділігін көрсетті. Медициналық көмектің белгіленген стандарттарға сәйкес келмеуінің 11 мыңнан астам фактісі анықталды. Соның ішінде адамдарды қосып тіркеу фактілері де бар.
"Заңбұзушылықтарды қарау қорытындылары бойынша ұйымдастырушылық және қаржылық сипаттағы шаралар қабылданады. Осы инновацияның арқасында медициналық қызметтерді қаржыландыру әділ әрі тиімді болады, ал пациенттер сапалы әрі уақтылы емделе алады", - дейді министрлік мамандары.
Жаңалықтар
0