https://sputnik.kz/20250405/astanalyqtar-zhappay-diktant-aktsiyasyna-qatysty-52248036.html
Астаналықтар "жаппай диктант" акциясына қатысты
Астаналықтар "жаппай диктант" акциясына қатысты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 5 сәуір – Sputnik. Астаналықтар бүгін "жаппай диктант" жазды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 05.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-05T18:23+0500
2025-04-05T18:23+0500
2025-04-05T18:23+0500
орыс тілі
емтихан
https://sputnik.kz/img/07e9/04/05/52234892_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_26841e32828e4e37c14503c817deed6f.jpg
АСТАНА, 5 сәуір – Sputnik. Астаналықтар бүгін "жаппай диктант" жазды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан."Жаппай диктант" акциясы 2004 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Жыл сайын 5 сәуір күні акцияға қатысушылар Ресейде және басқа елдерде бір уақытта диктант жазады.Астанада "жаппай диктант" төрт жерде жазылды. Олар: Sputnik Қазақстан халықаралық баспасөз орталығы, орыс мәдениеті мен ғылым үйі, Еуразия ұлттық университеті мен №3 мектеп-гимназиясы.Биылғы диктантқа жазушы, сценарист Марина Москвинаның шығармасынан үзінді алынды.Жобаның аймақтық үйлестірушісі Лаура Ілиясованың айтуынша, Астанада "жаппай диктантты" барлығы 159 адам жазды. Олардың ішінде оқушылар, студенттер және қалада жұмыс істейтін мамандар бар.Мәселен, оқушы Әлия Досымова осымен үшінші жыл қатарынан "жаппай диктант" жазып отыр. Ал Виталий Сидоров Якутиядан Астанаға көшіп келген. Мектеп бітіргеніне 10 жыл болса да, "жаппай диктантты" жыл сайын жазып келеді.Астанадағы "Жаппай диктантқа" келген әрбір қатысушыға арнайы сертификаттар да табысталды.
https://sputnik.kz/20241101/ulken-etnografiyalyq-diktant-khalyqaralyq-aktsiyasy-bukil-alemde-otedi-48211410.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/04/05/52234892_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_62ae4aabfa08c606de5c04880cb90dac.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
орыс тілі, емтихан
Астаналықтар "жаппай диктант" акциясына қатысты
АСТАНА, 5 сәуір – Sputnik. Астаналықтар бүгін "жаппай диктант" жазды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Жаппай диктант" акциясы 2004 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Жыл сайын 5 сәуір күні акцияға қатысушылар Ресейде және басқа елдерде бір уақытта диктант жазады.
Астанада "жаппай диктант" төрт жерде жазылды. Олар: Sputnik Қазақстан халықаралық баспасөз орталығы, орыс мәдениеті мен ғылым үйі, Еуразия ұлттық университеті мен №3 мектеп-гимназиясы.
Биылғы диктантқа жазушы, сценарист Марина Москвинаның шығармасынан үзінді алынды.
Жобаның аймақтық үйлестірушісі Лаура Ілиясованың айтуынша, Астанада "жаппай диктантты" барлығы 159 адам жазды. Олардың ішінде оқушылар, студенттер және қалада жұмыс істейтін мамандар бар.
"Меніңше, бұл – жақсы дәстүр. Көбісі осы күнді асыға күтеді. Бұл күні тағы бір рет жиналып, білімнің деңгейін тексеріп көруге болады. Осындай акциялар адамды өз сауаттылығын арттыруға да септігін тигізеді", - деді Ілиясова.
Мәселен, оқушы Әлия Досымова осымен үшінші жыл қатарынан "жаппай диктант" жазып отыр. Ал Виталий Сидоров Якутиядан Астанаға көшіп келген. Мектеп бітіргеніне 10 жыл болса да, "жаппай диктантты" жыл сайын жазып келеді.
"Бұл – өте қызықты шара. Себебі сауаттылық өте пайдалы әрі қажетті қабілет, ең алдымен, адамдармен араласқанда бірден байқалады. Ал осындай шаралар сауаттылықтың деңгейін анықтауға көмектеседі", - деді Сидоров.
Астанадағы "Жаппай диктантқа" келген әрбір қатысушыға арнайы сертификаттар да табысталды.