Шымкентте мопедпен қауіпті трюк жасаған жасөспірімдер жазаланды

© Sputnik/Ертай СарбасовМопед
Мопед - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.04.2025
Жазылу
Олар мопедтің артқы дөңгелегімен қозғалып, үлкен жылдамдықпен кілт бұрылу арқылы жолдағы қауіпсіздікті бұзған
АСТАНА, 4 сәуір – Sputnik. Шымкент жолдарында қауіпті трюк жасағаны үшін мопед мінген жасөспірімдер жазаланды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Қала көшелеріндегі қауіпті әрекетті жедел басқару орталығының бейнебақылау инспекторлары тіркеген.
"Кәмелетке толмаған мотоцикл жүргізушілері тапа-тал түсте жол бойында "экстремалды шоу" ұйымдастырды. Мопедтің артқы дөңгелегімен қозғалып, үлкен жылдамдықпен кілт бұрылу жүргізушілердің өздеріне де, жол қозғалысының басқа қатысушыларына да қауіп төндірді", - деп жазылған хабарламада.
Көлікті қауіпті басқарғандар Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің екі бабы - 615 "Жаяу жүргіншілердің және жол қозғалысының басқа да қатысушылардың жол қозғалысы ережелерін бұзуы" және 434 "Ұсақ бұзақылық" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
На претензии жителей о перекрытии улиц и серьезных пробках ответили в акимате Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.03.2025
Алматыда қанша мопед тіркелді
Жаңалықтар
0