Сарапшылар инфляция мен экономиканың өсіміне қатысты болжамын қайта қарады

© Photo : Пресс-служба Национального банка КазахстанаЗдание Национального банка Казахстана
Здание Национального банка Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.04.2025
Жазылу
Ұлттық банк сарапшылар қауымдастығы арасында жүргізілген кезекті макроэкономикалық сауалнаманың нәтижесін жариялады
АСТАНА, 4 сәуір – Sputnik. Сарапшылар инфляция мен экономиканың өсіміне қатысты болжамын қайта қарады, деп хабарлады Ұлттық банк.

Мұнай бағасы мен экономиканың өсімі

Brent маркалы мұнайдың 2025 және 2026 жылдарға арналған бағасы бойынша болжамдар 1 баррель үшін тиісінше 75,0 және 72,0 АҚШ доллары деңгейінде сақталды. 2027 жылға арналған бағалау көрсеткіші баррель үшін 72,5 АҚШ долларына дейін сәл жоғарыға қарай біршама өзгерді.
Қазақстан экономикасының өсіміне қатысты бағалау 2025 және 2027 жылдарға төмендеді. 2025 жылға арналған болжам 4,9%-тен 4,7%-ке, ал 2027 жылға – 4,5%-тен 4,3%-ке дейін қайта қаралды. 2026 жылға арналған болжамдар 4,5% деңгейінде сақталды.

Инфляция мен базалық мөлшерлеме

Инфляция бойынша болжамдар нашарлады. 2025 жылға арналған респонденттердің медианалық бағалауы 8,7%-тен 10,6%-ке, 2026 жылға – 7,0%-тен 9,0%-ке, ал 2027 жылға – 5,8%-тен 6,1%-ке дейін көтерілді.
Енді базалық мөлшерлеменің бағалауы бұрынғыдай жылдық орташа мәнмен емес, жыл соңындағы деңгеймен ұсынылатынын атап өткен жөн. 2025 жылдың соңына арналған болжамдардың медианалық мәні – 15,9%, 2026 жылға – 14,3%, ал 2027 жылға – 11,5%.
Сауалнамаға Қазақстан бойынша макроэкономикалық көрсеткіштерді талдаумен және болжаумен айналысатын 16 ұйым қатысты. Респонденттердің қатарына нарықтың кәсіби қатысушылары, зерттеу институттары, халықаралық ұйымдар мен рейтингтік агенттіктер кіреді.
Макроэкономикалық сауалнамаға Ұлттық банк болжамы кірмейді.
Монеты, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.03.2025
Елде жылдық инфляция 9,4%-ға дейін өсті
Жаңалықтар
0