https://sputnik.kz/20250404/qutqarushylar-pavlodardagy-dala-ortimen-kuresip-zhatyr-52217123.html
Құтқарушылар Павлодардағы дала өртімен күресіп жатыр
Құтқарушылар Павлодардағы дала өртімен күресіп жатыр
Sputnik Қазақстан
Қабылданған шаралардың нәтижесінде өрт алдын ала 60 гектар алаңда оқшауланды 04.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-04T21:49+0500
2025-04-04T21:49+0500
2025-04-04T21:49+0500
өрт
павлодар
құтқарушылар
https://sputnik.kz/img/07e9/04/04/52216963_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_398b1ba0ee52f876018eb9bb41fa68ba.jpg
АСТАНА, 4 сәуір – Sputnik. 4 сәуірде Павлодар облысы ТЖД Баянауыл ауданы Жасыбай орманшылығының аумағында құрғақ шөптің өртенгені туралы хабарлама түсті, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігі.Өртті сөндіруге төтенше жағдайлар департаментінің, орман шаруашылығының, Қазавиаорманкүзеті күштері және құралдары дереу жіберілді. Барлығы 85 адам және 24-тен астам техника жұмылдырылды.ТЖМ Командалық орталығында ТЖ вице-министрі Рамиль Камаловтың басшылығымен өртті сөндіру жөніндегі жедел штаб өз жұмысын жалғастыруда.Қатты жел мен құрғақ өсімдіктер өрттің тез таралуына ықпал етіп, жедел жұмысты қиындатты. Осыған қарамастан құтқарушылар өрттің елді мекендерге таралуына жол бермей, сөндіру жұмыстарын жалғастыруда. Тұрғындар үшін қауіп жоқ.Оқиға орнына құтқарушылардың қосымша топтары жіберілді.Қазіргі уақытта жағдай ТЖМ, ЭТРМ, ЖАО бөлімшелерінің бірлескен күшімен тұрақтандырылды, бұл жағдай жедел штабтың ерекше бақылауында.Қабылданған шаралардың нәтижесінде өрт алдын ала 60 гектар алаңда оқшауланды.Өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда.
https://sputnik.kz/20250402/qaragandyda-universitet-zhataqkhanasynan-ort-shyqty--10-adam-aurukhanaga-zhetkizildi-52148106.html
павлодар
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/04/04/52216963_161:0:1121:720_1920x0_80_0_0_d26a3fcc1e041c64c3333528c7d0c1da.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
өрт, павлодар, құтқарушылар
өрт, павлодар, құтқарушылар
Құтқарушылар Павлодардағы дала өртімен күресіп жатыр
Қабылданған шаралардың нәтижесінде өрт алдын ала 60 гектар алаңда оқшауланды
АСТАНА, 4 сәуір – Sputnik. 4 сәуірде Павлодар облысы ТЖД Баянауыл ауданы Жасыбай орманшылығының аумағында құрғақ шөптің өртенгені туралы хабарлама түсті, деп хабарлады
төтенше жағдайлар министрлігі.
Өртті сөндіруге төтенше жағдайлар департаментінің, орман шаруашылығының, Қазавиаорманкүзеті күштері және құралдары дереу жіберілді. Барлығы 85 адам және 24-тен астам техника жұмылдырылды.
ТЖМ Командалық орталығында ТЖ вице-министрі Рамиль Камаловтың басшылығымен өртті сөндіру жөніндегі жедел штаб өз жұмысын жалғастыруда.
Қатты жел мен құрғақ өсімдіктер өрттің тез таралуына ықпал етіп, жедел жұмысты қиындатты. Осыған қарамастан құтқарушылар өрттің елді мекендерге таралуына жол бермей, сөндіру жұмыстарын жалғастыруда. Тұрғындар үшін қауіп жоқ.
Оқиға орнына құтқарушылардың қосымша топтары жіберілді.
Қазіргі уақытта жағдай ТЖМ, ЭТРМ, ЖАО бөлімшелерінің бірлескен күшімен тұрақтандырылды, бұл жағдай жедел штабтың ерекше бақылауында.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде өрт алдын ала 60 гектар алаңда оқшауланды.
Өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда.