https://sputnik.kz/20250404/qazaqstanda-eki-shetel-azamaty-11-zhylga-sottaldy-52212346.html
Қазақстанда екі шетел азаматы 11 жылға сотталды
Қазақстанда екі шетел азаматы 11 жылға сотталды
Sputnik Қазақстан
Қылмыстық іс сотта 3 ай бойы қаралды 04.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-04T16:25+0500
2025-04-04T16:25+0500
2025-04-04T16:25+0500
қылмыс
есірткі
https://sputnik.kz/img/07e5/03/11/16556007_0:196:3067:1921_1920x0_80_0_0_0988bb5ac8c4da9baf294a93cd1dedb8.jpg
АСТАНА, 4 сәуір – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында Латвияның екі азаматы 11 жылға сотталды, деп хабарлады Бас прокуратура.Былтыр жазда облыста синтетикалық есірткі өндіруге арналған жасырын зертхана анықталған болатын. Тінту кезінде 125 кг мефедрон (630 мың бір реттік доза), 500 литр прекурсорлар және тәулігіне 30 кг синтетикалық есірткі өндіретін зертханалық жабдық тәркіленді.Тәркіленген есірткінің "қара" нарықтағы құны 3,5 миллиард теңгеден асады. Сол кезде Латвияның екі азаматы ұсталды.Қылмыстық іс сотта 3 ай бойы қаралды. Сот процесі барысында айыпталушылардың кінәсі толық дәлелденді. Ал прокурор жасырын цехты ұйымдастырғандарды 11 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады.ШҚО-ның қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Латвияның екі азаматын 11 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Екеуі жазаны қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде өтейді.Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
https://sputnik.kz/20250329/mangystau-oblysynda-esirtki-saudasyna-kudiktilerden-1-mlrd-tenge-tabyldy---52030852.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/03/11/16556007_249:0:2978:2047_1920x0_80_0_0_c63c59a6941eb2ffa0ae20b97745034d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қылмыс, есірткі
Қазақстанда екі шетел азаматы 11 жылға сотталды
Қылмыстық іс сотта 3 ай бойы қаралды
АСТАНА, 4 сәуір – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында Латвияның екі азаматы 11 жылға сотталды, деп хабарлады
Бас прокуратура.
Былтыр жазда облыста синтетикалық есірткі өндіруге арналған жасырын зертхана анықталған болатын. Тінту кезінде 125 кг мефедрон (630 мың бір реттік доза), 500 литр прекурсорлар және тәулігіне 30 кг синтетикалық есірткі өндіретін зертханалық жабдық тәркіленді.
Тәркіленген есірткінің "қара" нарықтағы құны 3,5 миллиард теңгеден асады. Сол кезде Латвияның екі азаматы ұсталды.
Қылмыстық іс сотта 3 ай бойы қаралды. Сот процесі барысында айыпталушылардың кінәсі толық дәлелденді. Ал прокурор жасырын цехты ұйымдастырғандарды 11 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады.
ШҚО-ның қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Латвияның екі азаматын 11 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Екеуі жазаны қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде өтейді.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.