Интернет дүкендердің бірі клиенттік базаны алаяқтарға сатқан

CC0 / / Мобильный телефон в руках водителя, иллюстративное фото
Мобильный телефон в руках водителя, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.04.2025
Жазылу
Алаяқтар жұмыс кеңсесін елордадағы бизнес-орталықтардың бірінен жалға алған
АСТАНА, 4 сәуір – Sputnik. Астанада полиция қызметкерлері қазақстандықтарды алдап келген алаяқтардың call-орталығын жойды, деп хабарлады Polisia.kz.
Киберқылмыспен күрес басқармасы жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде автокөлік пен жылжымайтын мүлік ұтысын өткіземіз деген желеумен азаматтарды алдаған бес адам ұсталды.
"Қылмыстық әрекет жасаған күдіктілер интернет дүкендердің бірінен 2000-нан астам қазақстандықтың жеке деректерін қамтитын клиенттік базаны сатып алған", - деп жазылған хабарламада.
Алаяқтар жұмыс кеңсесін қаладағы бизнес-орталықтардың бірінен жалға алып, жас азаматтарды жұмысқа тартып, оларды абоненттерге тізім бойынша қоңырау шалуға міндеттеген.
Әңгіме барысында қоңырау шалушы адам көлік немесе пәтер ұтып алғанын хабарлап, "сыйлықты алу үшін" салық төлеу қажет екенін айтып, 180 мыңнан 1 млн теңгеге дейін ақша аударуды сұраған.
Жоқ жиһазды сатқан алаяқ сотталды   - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.04.2025
Жоқ жиһазды сатқан алаяқ сотталды
Жаңалықтар
0