https://sputnik.kz/20250404/astanada-2-industriyalyq-parktin-qurylysy-bastalady-52189900.html
Астанада №2 Индустриялық парктің құрылысы басталады
Астанада №2 Индустриялық парктің құрылысы басталады
Sputnik Қазақстан
Оның аумағында 500 млрд теңгеден астам сомаға 50-ге жуық инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр 04.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-04T08:52+0500
2025-04-04T08:52+0500
2025-04-04T08:52+0500
индустрияландыру
астана
https://sputnik.kz/img/07e7/05/09/34708101_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_d22cb7a892b6ba0e3a6476e34830b625.jpg
АСТАНА, 4 сәуір – Sputnik. Елорда инвестициялық жобалар саны мен халық өсімінің қарқыны бойынша өңірлер арасында бірінші орында тұр. Бұл туралы Экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі штаб отырысында айтылды.Бүгінде Астана пулы 18,3 мың жұмыс орнын құратын жалпы құны 2,5 трлн теңге 130 инвестициялық жобаны қамтиды. 2025 жылы 300 млрд теңгеден астам инвестиция тарта отырып, кемінде 50 жобаны іске асыру жоспарлануда. Сонымен қатар бірқатар ірі жобаларды іске асыру басталды. Атап айтқанда:Астана әкімі Жеңіс Қасымбек штаб отырысында елорда маңындағы өнеркәсіптік кластерді одан әрі дамыту үшін №2 Индустриялық парктің құрылысы басталатынын, оның аумағында 500 млрд теңгеден астам сомаға 50-ге жуық инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отырғанын хабарлады. Сонымен қатар елордада бірқатар ірі логистикалық жоба іске қосылуға дайындалуда. Соның ішінде Wildberriesлогистикалық хабы және ОЗОН көлік-логистикалық орталығының екінші кезегі бар. Барлық логистикалық жобаларға инженерлік инфрақұрылым жүргізу қажет.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/05/09/34708101_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_277868695ec579f7e85c3cb8ef496b68.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
индустрияландыру, астана
Астанада №2 Индустриялық парктің құрылысы басталады
Оның аумағында 500 млрд теңгеден астам сомаға 50-ге жуық инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр
АСТАНА, 4 сәуір – Sputnik. Елорда инвестициялық жобалар саны мен халық өсімінің қарқыны бойынша өңірлер арасында бірінші орында тұр. Бұл туралы Экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі штаб отырысында айтылды.
"Қала экономикасындағы шағын және орта бизнестің (ШОБ) үлесі 73%. Бұл орташа республикалық деңгейден екі есе жоғары", - деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Бүгінде Астана пулы 18,3 мың жұмыс орнын құратын жалпы құны 2,5 трлн теңге 130 инвестициялық жобаны қамтиды. 2025 жылы 300 млрд теңгеден астам инвестиция тарта отырып, кемінде 50 жобаны іске асыру жоспарлануда. Сонымен қатар бірқатар ірі жобаларды іске асыру басталды. Атап айтқанда:
Kazak Protein зауыты (170 млрд теңге) – бидайды тереңдете өңдеу;
ТОКК Қазақстан (55 млрд теңге) – жеңіл металдан жасалған қаптама өндірісі;
LASSELSBERGER (23,6 млрд теңге) – құрылыс қоспасы мен бояу өндірісі;
Электровоз құрастыру зауыты (15 млрд теңге) – электровоздарға арналған сервистік орталық.
Астана әкімі Жеңіс Қасымбек штаб отырысында елорда маңындағы өнеркәсіптік кластерді одан әрі дамыту үшін №2 Индустриялық парктің құрылысы басталатынын, оның аумағында 500 млрд теңгеден астам сомаға 50-ге жуық инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отырғанын хабарлады. Сонымен қатар елордада бірқатар ірі логистикалық жоба іске қосылуға дайындалуда. Соның ішінде Wildberriesлогистикалық хабы және ОЗОН көлік-логистикалық орталығының екінші кезегі бар. Барлық логистикалық жобаларға инженерлік инфрақұрылым жүргізу қажет.