https://sputnik.kz/20250404/almatyda-zhuk-koligi-oqushyny-basyp-ketti---avtobus-zhurgizushisi-de-zhauapqa-tartyldy-52211646.html
Алматыда жүк көлігі оқушыны басып кетті - автобус жүргізушісі де жауапқа тартылды
Алматыда жүк көлігі оқушыны басып кетті - автобус жүргізушісі де жауапқа тартылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 4 сәуір – Sputnik. Алматыда жүк көлігі басып кеткен қызды жаяу жүргіншілер өткелінен өткізбеген автобус жүргізушісі де жауапқа тартылды. Бұл туралы... 04.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-04T15:37+0500
2025-04-04T15:37+0500
2025-04-04T15:49+0500
полиция
жол апаты
https://sputnik.kz/img/07e9/04/03/52163756_0:34:650:400_1920x0_80_0_0_f223c80c2f4236a6f18f57994ef1e590.jpg.webp
АСТАНА, 4 сәуір – Sputnik. Алматыда жүк көлігі басып кеткен қызды жаяу жүргіншілер өткелінен өткізбеген автобус жүргізушісі де жауапқа тартылды. Бұл туралы әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Жантүршігерлік жол апатының видеосы желіде тараған болатын. Кішкентай қыз жаяу жүргіншілер өткелінде тұрғанда автобус оған бермей, дәл алдынан өтіп кетті. Бала артқа шегінген. Сол кезде оны жүк көлігі басып кетті. Жолдың арғы жағында оның анасы күтіп тұрған.Бала өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Соның аясында әрбір адамның жауапкершілігі қаралатын болады.Комитет басшысының айтуынша, баланы жолдың арғы жағынан қарсы алуға келген анасының жауапкершілігі де зерделенеді. Ата-анасының кінәсі дәлелденсе, олар да жауапқа тартылады.
https://sputnik.kz/20250402/almatyda-zhuk-koligi-7-zhasar-qyzdy-qagyp-ketti--52147989.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/04/03/52163756_63:0:596:400_1920x0_80_0_0_68a2968332ddfa5a281b7cdca92ae813.jpg.webpSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
полиция, жол апаты
Алматыда жүк көлігі оқушыны басып кетті - автобус жүргізушісі де жауапқа тартылды
15:37 04.04.2025 (жаңартылды: 15:49 04.04.2025) АСТАНА, 4 сәуір – Sputnik. Алматыда жүк көлігі басып кеткен қызды жаяу жүргіншілер өткелінен өткізбеген автобус жүргізушісі де жауапқа тартылды. Бұл туралы әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Жантүршігерлік жол апатының видеосы желіде тараған болатын. Кішкентай қыз жаяу жүргіншілер өткелінде тұрғанда автобус оған бермей, дәл алдынан өтіп кетті. Бала артқа шегінген. Сол кезде оны жүк көлігі басып кетті. Жолдың арғы жағында оның анасы күтіп тұрған.
"Автобус өтіп кеткенде бала қорқып, артқа қарай жүргенде жүк көлігі оны байқамай қалып, басып кетіп отыр. Біз автобус жүргізушісін баланы жаяу жүргіншілер өткелінен өткізбегені үшін жауапқа тарттық", - деді Сұлтанбаев орталық коммуникациялар қызметінде болған брифингте.
Бала өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Соның аясында әрбір адамның жауапкершілігі қаралатын болады.
Комитет басшысының айтуынша, баланы жолдың арғы жағынан қарсы алуға келген анасының жауапкершілігі де зерделенеді. Ата-анасының кінәсі дәлелденсе, олар да жауапқа тартылады.
"Негізі, бұл оқиға қаланың орталығында емес, шетінде болған. Ол жақта жүк көліктеріне жүруге рұқсат бар", - деді Сұлтанбаев.