Алматыда құны 17 млн теңге болатын контрафактілік темекі тәркіленді

© Sputnik / Алексей Даничев / Медиабанкке өтуТемекі
Темекі - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.04.2025
Жазылу
Бұл іс бойынша материалдар қосымша тергеу үшін қалалық сот органдарына жіберілді
АСТАНА, 4 сәуір – Sputnik. Алматыда мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері тексеру барысында контрафактілік темекінің ірі партиясын анықтады.
Барлығы 18 603 қаптаманың сәйкестендіру коды жоқ немесе белгісіз түрдегі кодтармен жабдықталғаны анықталды. Тәркіленген заңсыз өнімдердің құны 17 миллион теңгені құрады.
Бұл іс бойынша материалдар қосымша тергеу үшін қалалық сот органдарына жіберілді. Тәркіленген тауарлар азаматтардың денсаулығына қауіп төндіреді, өйткені олар міндетті сертификаттау және сапаны бақылау рәсімдерінен өтпеген, бұл олардың құрамында денсаулыққа қауіпті заттардың болу қаупін арттырады.
Производство сигарет  - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.09.2024
Оралда құны бір млрд теңге болатын заңсыз темекі өнімдері тәркіленді
Жаңалықтар
0