https://sputnik.kz/20250403/mangystauda-balalar-tamaqtan-ulandy--ministrlik-tekseristi-bastady-52186537.html
Маңғыстауда балалар тамақтан уланды – министрлік тексерісті бастады
Маңғыстауда балалар тамақтан уланды – министрлік тексерісті бастады
Sputnik Қазақстан
Манаш аудандық полиция басқармасы хабарламасының негізінде мектептің асханасы жабылды 03.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-03T21:38+0500
2025-04-03T21:38+0500
2025-04-03T21:38+0500
улану
маңғыстау облысы
https://sputnik.kz/img/07e7/02/1c/32553857_0:161:3067:1886_1920x0_80_0_0_dc5bd091eb3133eeec80dc80f8eec4dc.jpg
АСТАНА, 3 сәуір – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі Маңғыстау облысында балалардың топтық тамақтан улану фактісі бойынша тексеруді бастады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.Балалардың улануына байланысты Манаш аудандық полиция басқармасына, Маңғыстау облыстық полиция департаментіне, білім басқармасына, аудандық және облыстық прокуратураға хат жіберілді.Манаш аудандық полиция басқармасы хабарламасының негізінде мектептің асханасы жабылды.Тергеу шеңберінде басқарма мамандары Ұлттық сараптама орталығы Маңғыстау облысы филиалының мамандарын тарта отырып, тамақ өнімдерінің, судың, шайындылардың, дезқұралдардың сынамаларын іріктеп, қызметкерлерді ішек инфекциясын тасымалдауға зерттеп-қарай отырып, нысанға барды, сынамалардың нәтижесі қаралып жатыр.Уланған 14 жастағы жасөспірімдер амбулаториялық емделуде, медицина қызметкерлерінің бақылауында. Қабылдау бөлмесіне түскен кезде олар құсып, әлсірегенін, іші өтіп, ауырғанын айтқан.Сауалнамаға қатысқан мектеп оқушыларының ата-аналары ауруды мектептің асханасындағы сапасыз тамақпен байланыстырады, онда бастауыш сыныптардың 417 оқушысы ыстық тамақпен қамтылған.
маңғыстау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/02/1c/32553857_169:0:2898:2047_1920x0_80_0_0_fd6aa9e1d88c1e92bc9770ea29b70a06.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
улану, маңғыстау облысы
Маңғыстауда балалар тамақтан уланды – министрлік тексерісті бастады
Манаш аудандық полиция басқармасы хабарламасының негізінде мектептің асханасы жабылды
АСТАНА, 3 сәуір – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі Маңғыстау облысында балалардың топтық тамақтан улану фактісі бойынша тексеруді бастады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
"Бейнеу ауданындағы Манаш жалпы білім беру мектебінде 12 оқушының астан инфекциялық ауруды жұқтыру фактісі бойынша тексеру басталды, санитариялық-профилактикалық іс-шаралар өткізу туралы қаулы шығарылып, әкімдіктің жанынан штаб құрылды", - деп жазылған хабарламада.
Балалардың улануына байланысты Манаш аудандық полиция басқармасына, Маңғыстау облыстық полиция департаментіне, білім басқармасына, аудандық және облыстық прокуратураға хат жіберілді.
Манаш аудандық полиция басқармасы хабарламасының негізінде мектептің асханасы жабылды.
Тергеу шеңберінде басқарма мамандары Ұлттық сараптама орталығы Маңғыстау облысы филиалының мамандарын тарта отырып, тамақ өнімдерінің, судың, шайындылардың, дезқұралдардың сынамаларын іріктеп, қызметкерлерді ішек инфекциясын тасымалдауға зерттеп-қарай отырып, нысанға барды, сынамалардың нәтижесі қаралып жатыр.
Уланған 14 жастағы жасөспірімдер амбулаториялық емделуде, медицина қызметкерлерінің бақылауында. Қабылдау бөлмесіне түскен кезде олар құсып, әлсірегенін, іші өтіп, ауырғанын айтқан.
Сауалнамаға қатысқан мектеп оқушыларының ата-аналары ауруды мектептің асханасындағы сапасыз тамақпен байланыстырады, онда бастауыш сыныптардың 417 оқушысы ыстық тамақпен қамтылған.