Қазақстанда тағы бір айыппұл енгізілуі мүмкін

© Sputnik / Абзал КалиевПолицейская форма
Полицейская форма  - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.04.2025
Жазылу
Әзірше айыппұлдың нақты көлемін айта алмаймыз, деді министр
АСТАНА, 2 сәуір – Sputnik. SIM-картаны үшінші тұлғаға бергені үшін әкімшілік жауапкершілік енгізілуі мүмкін. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазіргі кезде министрлік осы мәселе бойынша ұсыныстарды жинап жатыр.
"Бұның барлығы әлі қаралып жатыр, нақты шешім жоқ. Біз ұсыныстарды жинап жатырмыз. Қылмыстық жауапкершілік болмайды. Бәлкім, әкімшілік айыппұл болатын шығар", - деді Мәдиев мәжілісте өткен брифингте.
Осы орайда министр "үшінші тұлға" ұғымына түсініктеме берді. Ол - SIM-карта иесімен байланысы жоқ адам.
"Әзірше айыппұлдың нақты көлемін айта алмаймыз. Меніңше, биыл тиісті ұсынысты енгіземіз", - деп атап өтті Мәдиев.
Айта кетері, үкіметтің кешегі отырысында SIM карталарды сатудың жаңа тәртібі енгізілетіні туралы айтылған болатын.
TELE2 картасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.04.2025
SIM карталарды сатудың жаңа тәртібі енгізіледі - үкімет
Жаңалықтар
0