Мопедтерді 5 сәуірге дейін тіркеп үлгеру үшін ХҚКО-лар жұмыс уақытын ұзартты

© Sputnik/Ертай Сарбасов В Казахстане начали действовать новые правила для владельцев мопедов
 В Казахстане начали действовать новые правила для владельцев мопедов - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.04.2025
Жазылу
5 сәуірден бастап Қазақстанда мопедтер ресми түрде автокөліктерге теңестіріледі, заң бұзушылықтар үшін айыппұл қарастырылады
АЛМАТЫ, 2 сәуір – Sputnik. Қазақстанда мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары барлық мопедті 5 сәуірге дейін тіркеу үшін жұмыс уақытын ұзартты.
"Біз халыққа қызмет көрсету орталықтарынан өтініш білдіргендердің барлығын тіркеуге алу үшін жұмыс уақытын ұзартуды сұрадық. Осы уақыт өткеннен кейін бұл адамдар заңды түрде жүре алмайды", - деді Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха.
Ол айып тұрақтарында заңсыз мопедтердің барлығына орын табылатынын атап өтті.
5 сәуірден бастап Қазақстанда мопедтер ресми түрде автокөлікке теңестіріліп, заң бұзушылықтар үшін айыппұл қарастырылады.
На претензии жителей о перекрытии улиц и серьезных пробках ответили в акимате Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.03.2025
Алматыда қанша мопед тіркелді
Жаңалықтар
0