https://sputnik.kz/20250401/tubirtek-algan-qazaqstandyqtar-arasynda-lotereya-oynatylady-52123437.html
Түбіртек алған қазақстандықтар арасында лотерея ойнатылады
Түбіртек алған қазақстандықтар арасында лотерея ойнатылады
Sputnik Қазақстан
Премьер-министрдің орынбасары банктерге халықты түбіртек алуға ынталандыру бойынша үндеу жасады 01.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-01T17:19+0500
2025-04-01T17:19+0500
2025-04-01T17:19+0500
ұлттық экономика министрлігі
түбіртек
https://sputnik.kz/img/1307/52/13075233_0:0:2048:1153_1920x0_80_0_0_badc48b91fc009bbcbe5e4ef9869d832.jpg
АСТАНА, 1 сәуір – Sputnik. Үкімет сатып алынған тауар үшін түбіртек сұрауды ынталандыру мақсатында лотерея ойнатуды ұсынып отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бүгін үкімет отырысында премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин сауда орындарында түбіртек аз берілетінін айтты. Осылайша, шағын және орта бизнес өз табысын жасырады. Содан салық аз түседі. Осы орайда вице-премьер кассалық аппараттарды тездетіп жаңарту қажеттігін жеткізді. Сондай-ақ банктерді түбіртек алуға халықты ынталандыру бойынша бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.Айта кетері, бұған дейін мемлекеттік кірістер комитеті "Атамекен" кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, "Түбіртекті талап ет те – жүлдені ұтып ал! " акциясын өткізген. Оған қатысушылар "Wipon" мобильді қосымшасы арқылы сатып алынған тауардың түбіртегін жіберген. 3 000 000 теңгеге жедел жүлделер ойнатылды. Ал бас жүлдеге автокөлік тігілген. Ал фискалды чектің берілмегені туралы хабарлаған адамдарға мың теңгеден берілді.
https://sputnik.kz/20250331/baylyqqa-salyq-qalay-salynady-52072509.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1307/52/13075233_121:0:1942:1366_1920x0_80_0_0_31bd052cefa0a368bb87a82f8ff94d11.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұлттық экономика министрлігі, түбіртек
ұлттық экономика министрлігі, түбіртек
Түбіртек алған қазақстандықтар арасында лотерея ойнатылады
Премьер-министрдің орынбасары банктерге халықты түбіртек алуға ынталандыру бойынша үндеу жасады
АСТАНА, 1 сәуір – Sputnik. Үкімет сатып алынған тауар үшін түбіртек сұрауды ынталандыру мақсатында лотерея ойнатуды ұсынып отыр, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін үкімет отырысында премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин сауда орындарында түбіртек аз берілетінін айтты. Осылайша, шағын және орта бизнес өз табысын жасырады. Содан салық аз түседі. Осы орайда вице-премьер кассалық аппараттарды тездетіп жаңарту қажеттігін жеткізді. Сондай-ақ банктерді түбіртек алуға халықты ынталандыру бойынша бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.
"Халықты түбіртек алуға ынталандыру қажет. Банктер арқылы осы бастамаларды тездетіп іске асыруға болады деп ойламын. Біз өз тарапымыздан қандай да бір ұтыстарды қаржыландыруға дайынбыз. Мәселен, оны лотереяның ұлттық операторы арқылы істеуге болады", - деді Жұманғарин.
Айта кетері, бұған дейін мемлекеттік кірістер комитеті "Атамекен" кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, "Түбіртекті талап ет те – жүлдені ұтып ал! " акциясын өткізген. Оған қатысушылар "Wipon" мобильді қосымшасы арқылы сатып алынған тауардың түбіртегін жіберген. 3 000 000 теңгеге жедел жүлделер ойнатылды. Ал бас жүлдеге автокөлік тігілген. Ал фискалды чектің берілмегені туралы хабарлаған адамдарға мың теңгеден берілді.