Қытай мен Ресейдің ынтымақтастығы үшінші елдерге қарсы бағытталмаған – Ван И

© Sputnik / Наталья СеливерстоваКремль
Кремль - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.04.2025
Жазылу
АСТАНА, 1 сәуір – Sputnik. Қытай мен Ресейдің ынтымақтастығы үшінші елдерге қарсы бағытталмаған, деп мәлімдеді Қытай сыртқы істер министрі Ван И Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуінде.
"Қытай мен Ресейдің ынтымақтастығы үшінші елдерге қарсы бағытталмаған және сырттан кедергі жасалмайды", - деді министр Ресей президентімен кездесуінде.
Ол Мәскеу мен Бейжің арасындағы достық жағдаятқа байланысты емес, ұзақ мерзімді сипатқа ие екенін атап өтті.
Ал Ресей президенті Владимир Путин Мәскеу мен Бейжің БҰҰ, БРИКС және Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) сияқты көптеген халықаралық платформада бірлесіп және табысты жұмыс істеп жатқанын тілге тиек етті. Сондай-ақ Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің Ресейге мамыр айындағы сапарын күтетінін мәлімдеді.
"Бізде екіжақты қарым-қатынастың қазіргі жағдайы туралы сөйлесуге және халықаралық алаңдарда өзара іс-әрекетімізді талқылауға мүмкіндік болады", - деді Путин.
Визит члена Госсовета, министра иностранных дел Китая Ван И в Казахстан - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.04.2025
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Бейжің Украина мәселесін реттеуге атсалысуға дайын – Қытай министрі
Жаңалықтар
0