Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Киев пайдалы қазбалар туралы келісім бойынша АҚШ-пен консультацияны бастады

© Пресс-служба президента Украины / Медиабанкке өтуФлаги США и Украины
Флаги США и Украины - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.04.2025
Жазылу
АСТАНА, 1 сәуір – Sputnik. Украинаның сыртқы істер министрі Андрей Сибига Киев АҚШ-пен пайдалы қазбалар жөніндегі келісімнің жаңа мәтіні бойынша консультацияны бастағанын және келіссөздің бір раунды өткенін айтты.
"Сіздерге 28 наурызда Сыртқы істер министрлігі дипломатиялық каналдар арқылы АҚШ тарапынан минералдық ресурстар туралы келісімнің жаңа мәтінін алғанын растаймын... Біз америкалық тараппен келісім мәтіні бойынша консультацияны бастап та қойдық. Бұл консультацияның бір раунды өтті", - деді Сибига баспасөзге берген сұхбатында. Министрдің сөзін украиналық "Общественное" телеарнасы жариялады.
Сибига атап өткендей, Украина бұрын келісілген шекті келісімшартқа қол қоюға дайын, қазір жаңа құжатты зерттеуге кірісті. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Киев барлық ішкі мемлекеттік рәсімді орындай отырып, құжатты ресми түрде қарауды бастады, деп толықтырды министр.
Украиналық БАҚ бұған дейін пайдалы қазбаларға қатысты АҚШ пен Украинаның жаңа келісім жобасында Вашингтоннан алынған барлық көмекті қайтару жайлы айтылғанын хабарлады.
Электр тарату желісі - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.03.2025
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Германия Украина энергетикасын қалпына келтіруге 7,27 млн еуро бөлді
Жаңалықтар
0