Италиялық компания қазақстандық шикізаттан қызанақ өнімдерін өндіреді

© Sputnik / Константин Чалабов / Медиабанкке өтуПомидоры. Архивное фото
Помидоры. Архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.04.2025
Жазылу
"TRAMITE Group" басшысы Қазақстаннан табиғи азық-түлік жеткізу үшін серіктес іздейтінін мәлімдеді
АЛМАТЫ, 1 сәуір – Sputnik. Италиялық "TRAMITE Group" компаниясы қазақстандық шикізаттан қызанақ өнімдерін өндіруді жолға қояды, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.
Министр Айдарбек Сапаров пен "TRAMITE Group" компаниясының негізін қалаушы Джианантонио Трамет қазақстандық шикізат базасында қызанақты қайта өңдеу мүмкіндіктерін талқылады.
Сапаров Қазақстанда ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуді дамыту үшін инвесторлар үшін преференциялар мен салықтық жеңілдіктер берілетінін айтты.
Ал Трамет Қазақстаннан табиғи азық-түлік жеткізу үшін серіктес іздейтінін мәлімдеді. Компания Қазақстанда томат пастасы және басқа да өнімдер өндірісін құруға мүдделі.
Жыл сайын Италия 180 мың тонна томат пастасын импорттайды және "TRAMITE Group" осы импорттың бір бөлігін Қазақстанда және Орталық Азия елдерінде қайта өңдеуге бағыттау мүмкіндігін қарастыруда.
Внесение удобрений в почву перед посевом, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.11.2024
Ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдейтін өндіріс мың жұмыс орнын ашады
Жаңалықтар
0