https://sputnik.kz/20250401/euraziyalyq-ekonomikalyq-komissiya-nauryz-merekesin-atap-otti-52126814.html
Теңдік, достық қағидаттарына негізделген бірлестік құрып жатырмыз – Сағынтаев
Теңдік, достық қағидаттарына негізделген бірлестік құрып жатырмыз – Сағынтаев
Sputnik Қазақстан
Еуразиялық экономикалық комиссия Наурыз мерекесін атап өтті 01.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-01T20:59+0500
2025-04-01T20:59+0500
2025-04-01T21:07+0500
еаэо
https://sputnik.kz/img/07e8/02/02/42017885_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_ffa57ce80cadd7c9eeceb6c387c1f5e7.jpg
АСТАНА, 1 сәуір – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссия ұжымы әлемдегі, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ елдеріндегі ең атаулы мерекелердің бірі – Наурыз мейрамын атап өтті.Наурыз Жаңа жылды, көктемнің келуін және соған байланысты табиғаттың жаңаруын білдіреді. Ол даму мен өркендеуді, келісім мен бірлікті, қамқорлық пен қонақжайлықты паш етеді.Комиссияның штаб-пәтерінде киіз үйлер тігіліп, өрнекті кілемдер төселді, сурет көрмесі ашылды, қолөнерден шеберлік сабақтары ұйымдастырылды. Мерекенің шырайын Еуразиялық экономикалық комиссияның қызметкерлері келтірді: олар ән шырқап, халық дәстүрі мен әдет-ғұрыптарға негізделген би нөмірлерін көрсетті.Сондай-ақ қонақтар ұлттық тағамдардан дәм татты.2009 жылы ЮНЕСКО Наурыз мерекесін адамзаттың материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енгізді.Бұл мерекені дүниежүзінде 300 миллионнан астам адам, соның ішінде Орталық Азия, Кавказ, Балқан, Таяу Шығыс, Қара теңіз бассейні және басқа да аймақтардағы елдер жаңа жылдың басы ретінде тойлайды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/02/02/42017885_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_6ebf197c2e43dce02c36b4443c9c0072.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо
Теңдік, достық қағидаттарына негізделген бірлестік құрып жатырмыз – Сағынтаев
20:59 01.04.2025 (жаңартылды: 21:07 01.04.2025) Еуразиялық экономикалық комиссия Наурыз мерекесін атап өтті
АСТАНА, 1 сәуір – Sputnik. Еуразиялық экономикалық комиссия ұжымы әлемдегі, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ елдеріндегі ең атаулы мерекелердің бірі – Наурыз мейрамын атап өтті.
Наурыз Жаңа жылды, көктемнің келуін және соған байланысты табиғаттың жаңаруын білдіреді. Ол даму мен өркендеуді, келісім мен бірлікті, қамқорлық пен қонақжайлықты паш етеді.
"Бүгін біз теңдік, достық және жасампаздық қағидаттарына негізделген интеграциялық бірлестік құрып жатырмыз. Бұл да Наурыз мейрамы философиясының негізі", - деді Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев іс-шара қонақтарының алдында сөйлеген сөзінде.
Комиссияның штаб-пәтерінде киіз үйлер тігіліп, өрнекті кілемдер төселді, сурет көрмесі ашылды, қолөнерден шеберлік сабақтары ұйымдастырылды. Мерекенің шырайын Еуразиялық экономикалық комиссияның қызметкерлері келтірді: олар ән шырқап, халық дәстүрі мен әдет-ғұрыптарға негізделген би нөмірлерін көрсетті.
Сондай-ақ қонақтар ұлттық тағамдардан дәм татты.
2009 жылы ЮНЕСКО Наурыз мерекесін адамзаттың материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енгізді.
Бұл мерекені дүниежүзінде 300 миллионнан астам адам, соның ішінде Орталық Азия, Кавказ, Балқан, Таяу Шығыс, Қара теңіз бассейні және басқа да аймақтардағы елдер жаңа жылдың басы ретінде тойлайды.