https://sputnik.kz/20250401/bugin-nurgisa-tilendievtin-tuganyna--100-zhyl-52098021.html
Бүгін Нұрғиса Тілендиевтің туғанына — 100 жыл
Бүгін Нұрғиса Тілендиевтің туғанына — 100 жыл
Sputnik Қазақстан
Композитор 50-ден астам драмалық қойылымға, 19 көркем фильмге, 17 мультипликациялық фильмге, 14 деректі-хроникалық фильмге музыка жазған 01.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-01T09:12+0500
2025-04-01T09:12+0500
2025-04-01T09:12+0500
нұрғиса тілендиев
мерейтой
https://sputnik.kz/img/1347/66/13476604_0:752:2048:1904_1920x0_80_0_0_656fa61ca02715d68b51aa4b425fad3a.jpg
АСТАНА, 1 сәуір – Sputnik. Бүгін композитор, дирижер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің туғанына — 100 жыл.Дәулескер домбырашы 1925 жылдың 1 сәуірінде Алматы облысы Іле ауданында дүниеге келген.Мәдениет және ақпарат министрлігі жариялаған дерекке сәйкес, әртүрлі жылдары Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының дирижері, Қазақтың халық аспаптар оркестрінің бас дирижері, Қазақфильм киностудиясы музыка редакциясының бас редакторы, 1981 жылдан Отырар сазы фольклорлық-этнографиялық ансамблінің ұйымдастырушысы әрі көркемдік жетекшісі қызметтерін атқарды.Нұрғиса Тілендиев "Алтын таулар" операсының (Қ.Қожамияровпен бірге), "Достық жолымен" балетінің (Л.Степановпен бірге), "Ортеке" балет-поэмасының, "Менің Қазақстаным" кантатасының, оркестрге арналған "Поэма", "Ата толғауы", "Ақсақ құлан", "Аққу", "Арман", "Махамбет", "Көш керуен" поэмалары мен "Халық қуанышы", "Қайрат", "Жеңіс салтанаты" атты кіріспелердің, 400-ге тарта ән мен романстың авторы.Композитор 50-ден астам драмалық қойылымға, 19 көркем фильмге, 17 мультипликациялық фильмге, 14 деректі-хроникалық фильмге музыка жазған.Бірегей тұлға екі рет Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.
https://sputnik.kz/20240810/abay-kuni-uly-aqynnyn-tuganyna--179-zhyl-46201647.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1347/66/13476604_0:560:2048:2096_1920x0_80_0_0_7cf17d7a5a7d0ab11e4d0376b8c48979.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
нұрғиса тілендиев, мерейтой
нұрғиса тілендиев, мерейтой
Бүгін Нұрғиса Тілендиевтің туғанына — 100 жыл
Композитор 50-ден астам драмалық қойылымға, 19 көркем фильмге, 17 мультипликациялық фильмге, 14 деректі-хроникалық фильмге музыка жазған
АСТАНА, 1 сәуір – Sputnik. Бүгін композитор, дирижер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің туғанына — 100 жыл.
Дәулескер домбырашы 1925 жылдың 1 сәуірінде Алматы облысы Іле ауданында дүниеге келген.
Мәдениет және ақпарат
министрлігі жариялаған дерекке сәйкес, әртүрлі жылдары Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының дирижері, Қазақтың халық аспаптар оркестрінің бас дирижері, Қазақфильм киностудиясы музыка редакциясының бас редакторы, 1981 жылдан Отырар сазы фольклорлық-этнографиялық ансамблінің ұйымдастырушысы әрі көркемдік жетекшісі қызметтерін атқарды.
Нұрғиса Тілендиев "Алтын таулар" операсының (Қ.Қожамияровпен бірге), "Достық жолымен" балетінің (Л.Степановпен бірге), "Ортеке" балет-поэмасының, "Менің Қазақстаным" кантатасының, оркестрге арналған "Поэма", "Ата толғауы", "Ақсақ құлан", "Аққу", "Арман", "Махамбет", "Көш керуен" поэмалары мен "Халық қуанышы", "Қайрат", "Жеңіс салтанаты" атты кіріспелердің, 400-ге тарта ән мен романстың авторы.
Композитор 50-ден астам драмалық қойылымға, 19 көркем фильмге, 17 мультипликациялық фильмге, 14 деректі-хроникалық фильмге музыка жазған.
Бірегей тұлға екі рет Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.