https://sputnik.kz/20250401/biyl-1-synypqa-qansha-bala-barady------52124484.html
Биыл 1-сыныпқа қанша бала барады
Биыл 1-сыныпқа қанша бала барады
Sputnik Қазақстан
Бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау 1 сәуірден 31 тамызға дейін жалғасады 01.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-01T18:30+0500
2025-04-01T18:30+0500
2025-04-01T18:30+0500
мектеп
1-сынып
оқу-ағарту министрлігі
https://sputnik.kz/img/07e9/03/14/51774128_0:2:1280:722_1920x0_80_0_0_3d3166f831310d47d071b22b06824f7e.jpg.webp
АЛМАТЫ, 1 сәуір - Sputnik. Жаңа оқу жылында 370 мыңнан астам бала 1-сыныпқа қабылданады, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігі. Бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау 1 сәуірден 31 тамызға дейін жалғасады. "Білім туралы" заңға сәйкес, бірінші сыныпқа 6 жастан бастап ата-аналардың өтініші бойынша қабылданады. Құжаттарды eGov mobile қосымшасы мен электронды үкімет порталы арқылы, сондай-ақ қағаз түрінде — тікелей мектептерде тапсыруға болады. Ол үшін барлық мектептерде қабылдау комиссиясы жұмыс істейді. Егер медициналық анықтамалар жүйеде болмаса, олардың скан-көшірмелерін жүктеуге болады. Сондай-ақ өтініштің мәртебесін қарау және оны бір батырмамен кері қайтару мүмкіндігі қарастырылған. Айта кетейік, өтініштер мереке және демалыс күндерін қоспағанда дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады. Сұраныс жіберілгеннен кейін өтініш 1 жұмыс күнінде қаралады.
https://sputnik.kz/20250320/birinshi-synypqa-quzhat-1-sauirden-bastap-qabyldanady-51773192.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/03/14/51774128_158:0:1122:723_1920x0_80_0_0_205e81ffece1d98dcf1ff15b7071ec57.jpg.webpSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мектеп, 1-сынып, оқу-ағарту министрлігі
мектеп, 1-сынып, оқу-ағарту министрлігі
Биыл 1-сыныпқа қанша бала барады
Бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау 1 сәуірден 31 тамызға дейін жалғасады
АЛМАТЫ, 1 сәуір - Sputnik. Жаңа оқу жылында 370 мыңнан астам бала 1-сыныпқа қабылданады, деп хабарлайды оқу-ағарту министрлігі.
Бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау 1 сәуірден 31 тамызға дейін жалғасады. "Білім туралы" заңға сәйкес, бірінші сыныпқа 6 жастан бастап ата-аналардың өтініші бойынша қабылданады. Құжаттарды eGov mobile қосымшасы мен электронды үкімет порталы арқылы, сондай-ақ қағаз түрінде — тікелей мектептерде тапсыруға болады. Ол үшін барлық мектептерде қабылдау комиссиясы жұмыс істейді.
"Биыл eGov порталында құжат тапсыру рәсімі жеңілдетілген. Енді ата-аналарға медициналық анықтамаларды қолмен жүктеудің қажеті жоқ. "Бала денсаулығы паспорты" мен "Профилактикалық екпе картасындағы" мәліметтер автоматты түрде алынады" - дейді ведомство.
Егер медициналық анықтамалар жүйеде болмаса, олардың скан-көшірмелерін жүктеуге болады. Сондай-ақ өтініштің мәртебесін қарау және оны бір батырмамен кері қайтару мүмкіндігі қарастырылған.
Айта кетейік, өтініштер мереке және демалыс күндерін қоспағанда дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады. Сұраныс жіберілгеннен кейін өтініш 1 жұмыс күнінде қаралады.