https://sputnik.kz/20250401/almatyda-ashyq-aspan-astyndagy-zhauyngerlik-tekhnika-murazhayy-ashylady-52101580.html
Алматыда ашық аспан астындағы жауынгерлік техника мұражайы ашылады
Алматыда ашық аспан астындағы жауынгерлік техника мұражайы ашылады
Sputnik Қазақстан
Мұражай экспозициясын Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қару-жарақтың 30-ға жуық үлгісі құрайды 01.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-01T09:51+0500
2025-04-01T09:51+0500
2025-04-01T10:08+0500
жеңістің 80 жылдығы
https://sputnik.kz/img/07e9/04/01/52098647_0:56:1080:664_1920x0_80_0_0_04ad497669356c59eeeae4240b418dbf.jpg
АСТАНА, 1 сәуір – Sputnik. Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов гарнизонға сапары барысында жаңа мұражайдың құрылысын тексерді, деп хабарлады министрлік.Ұлы Жеңістің мерейтойына орай Алматыда жауынгерлік техникалардың ашық аспан астындағы жаңа мұражайы ашылады. Армия үйінің аумағында орналасатын мұражай 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағындағы мемориалдық кешеннің бір бөлігі болады.Қорғаныс ведомствосының басшысы парламент депутаттарымен бірге алаңды, қару-жарақ пен жауынгерлік машиналардың құрамын қарап, техниканы бояу сапасын бағалап, жауапты тұлғаларға нұсқаулар берді.Қазір Ұлттық әскери-патриоттық орталық пен Жауынгерлік даңқ мұражайының филиалы орналасқан Армия үйінде де қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ғимараттың концерттік және мәрмәр залдары, сондай-ақ Жауынгерлік даңқ мұражайы күрделі жөндеуден өтуде. Онда офицерлер клубы мен балаларға арналған әскери-патриоттық фильмдер түсіретін кинопавильон ашылады.Ғимаратты қайта қалпына келтірудегі басты ерекшеліктердің бірі ретіде ашық аспан астындағы жауынгерлік техника мұражайын ашалады. Мұражай экспозициясын Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қару-жарақтың 30-ға жуық үлгісі құрайды. Ең құнды экспонаттардың қатарында 1931 жылғы 152 мм гаубица бар.Сонымен қатар Қалдаяқов көшесінде жастардың патриоттық тәрбиесіндегі заманауи тәсілдерді бейнелейтін жаңа барельеф орнатылды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/04/01/52098647_60:0:1020:720_1920x0_80_0_0_3060d7355d80d465dccdc6fb012dde53.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Алматыда ашық аспан астындағы жауынгерлік техника мұражайы ашылады
09:51 01.04.2025 (жаңартылды: 10:08 01.04.2025) Мұражай экспозициясын Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қару-жарақтың 30-ға жуық үлгісі құрайды
АСТАНА, 1 сәуір – Sputnik. Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов гарнизонға сапары барысында жаңа мұражайдың құрылысын тексерді, деп хабарлады
министрлік.
Ұлы Жеңістің мерейтойына орай Алматыда жауынгерлік техникалардың ашық аспан астындағы жаңа мұражайы ашылады. Армия үйінің аумағында орналасатын мұражай 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағындағы мемориалдық кешеннің бір бөлігі болады.
Қорғаныс ведомствосының басшысы парламент депутаттарымен бірге алаңды, қару-жарақ пен жауынгерлік машиналардың құрамын қарап, техниканы бояу сапасын бағалап, жауапты тұлғаларға нұсқаулар берді.
Қазір Ұлттық әскери-патриоттық орталық пен Жауынгерлік даңқ мұражайының филиалы орналасқан Армия үйінде де қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ғимараттың концерттік және мәрмәр залдары, сондай-ақ Жауынгерлік даңқ мұражайы күрделі жөндеуден өтуде. Онда офицерлер клубы мен балаларға арналған әскери-патриоттық фильмдер түсіретін кинопавильон ашылады.
"Алматы үшін Армия үйінің мәдени маңызы зор. Бұл – тарихи сәулет ескерткіші. Сондықтан біз оның бастапқы келбетін қаламыз бен еліміздің ең көрікті жерлерінің бірі ретінде сақтауға міндеттіміз", - деді Руслан Жақсылықов.
Ғимаратты қайта қалпына келтірудегі басты ерекшеліктердің бірі ретіде ашық аспан астындағы жауынгерлік техника мұражайын ашалады. Мұражай экспозициясын Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қару-жарақтың 30-ға жуық үлгісі құрайды. Ең құнды экспонаттардың қатарында 1931 жылғы 152 мм гаубица бар.
Сонымен қатар Қалдаяқов көшесінде жастардың патриоттық тәрбиесіндегі заманауи тәсілдерді бейнелейтін жаңа барельеф орнатылды.